Сейсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы облыстық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 желтоксан 2016 г.
792
0
Аймағымызда "Қазақстан – 2050” жалпыұлттық демократиялық күштері облыстық коалициясының отырысы өтті. Жиынға коа¬лиция мүшелігіндегі партия жетекшілері мен белсенділері, мемлекеттік ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ҚХА мүшелері мен жасотандықтар қатысты. Кеңес отырысының ашылу салтанатында сөз алған "Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев қатысушыларды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтап, басқосудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ол Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында мемлекет экономикасының қарқынды дамығанын атап өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 желтоксан 2016 г.
581
0
«Достық үйінде» Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына қарасты облыстық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» отырысы болып өтті. Оған денсаулық сақтау басқармасының мамандары, Қорқыт ата атындағы ҚМУ тарихшы-ғалымдары, облыстық, қалалық архив саласының мамандары және студенттер қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 желтоксан 2016 г.
731
0
ҚР Үкіметінің кезекті мәжілісінде Қызылорда облысы қоғамдық Кеңесінің төрағасы, «Рза» АҚ президенті С.Имандосовтың сөйлеген сөзі Елбасының тапсырмасына сәйкес, Үкімет Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Тұжырымдамасын әзірлеуде нақты жұмыстар атқарылуда деп айтуға болады.
ҚОҒАМ
01 желтоксан 2016 г.
799
0
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру де-пар¬таменті директорының орынбасары Бахытбек Нұршатаев кездесіп, әңгімелесудің сәті түскен еді. Төменде сол шағын сұхбатты ұсынып отырмыз.
АҚПАРАТ
01 желтоксан 2016 г.
2 660
0
Кеше Қызылорда Облыстық мекемелер үйінің мәжіліс залында облыстық мәслихаттың кезектен тыс 9-сессиясы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, басқармалар мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 желтоксан 2016 г.
689
0
Еліміздің дербес мемлекет атанып, өз алдына шаңырақ көтергеніне ширек ғасыр толды. Осыған орай ұйымдастырылған шаралар жер-жерде өтті. Сәрсенбінің сәтті күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың Қазалы ауданына жасаған жұмыс сапары да осы бағытта туындаған еді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 желтоксан 2016 г.
1 057
0
Бүгін біз барлық қазақстандықтармен бірге ерекше мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз. Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 желтоксан 2016 г.
688
0
Әзия Қыстаубаева – бірнеше мемлекеттік марапаттардың иегері, кезінде Жоғарғы кеңес депутаттығына да сайланған еңбек адамы, абзал ана. Жаңақорған ауданы әкімінің кеңесшісі, аудандық мәслихат депутаты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 желтоксан 2016 г.
957
0
Тәуелсіз еліміздің жиырма бес жылдық кезеңіне көз салсақ, ел экономикасының дамуы 2003 жылдан бастау алғанын байқаймыз. Елбасы бастамасымен қолға алынған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту осы тұста алғашқы жемісін бере бастады. Бұған дейін Елбасының басшылығымен ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында тығырыққа тірелген экономикамыздың салаларын дамыту мақса¬тында «Мәдениет жылы», «Денсаулық жылы» қабылданып жүзеге асырылды. 2003 жылғы сәуір айының 15 жұлдызында Елбасы арнайы сапармен Қызылорда облысына келді. Сырдария ауданының бірқатар өндіріс орындары мен компаниялардың жұмыстарымен танысып, Қараөзек арнасында қытайлықтардың салып жатқан су тоспасының жұмыстарын көріп, түске таман Сырдария ауданының Қалжан ахун ауылына аялдады. Шағын ауылдың мәдениет үйінде өткен кездесуге облыстың іс басында жүрген азаматтар мен кәсіпкерлер, ауылшаруашылық нысандарының өкілдері, ел ағалары, ардагерлер қатысты. Осы кездесу жиынға Бұқарбай батыр ауылының сол кездегі әкімі, осы жолдардың авторы да қатысқан болатын. Ертеректе салынған мәдениет үйінің есіктен төрге қарай шығып төралқалар отыратын орынға бет алған Елбасы отырған халықпен қол алысып амандасып, хал-жағдайларын сұрап, көтеріңкі көңіл күймен құрметті орынға жайғасты. Алғашқы халыққа арнау сөзін өзі бастап кетті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 желтоксан 2016 г.
888
0