Тарихи құжат жоғары бағаланды

Аймағымызда "Қазақстан – 2050” жалпыұлттық демократиялық күштері облыстық коалициясының отырысы өтті. Жиынға коа¬лиция мүшелігіндегі партия жетекшілері мен белсенділері, мемлекеттік ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ҚХА мүшелері мен жасотандықтар қатысты. Кеңес отырысының ашылу салтанатында сөз алған "Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев қатысушыларды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтап, басқосудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ол Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында мемлекет экономикасының қарқынды дамығанын атап өтті.
Ибадулла Дүйсенбайұлы жиынға қатысу¬шыларды жақында Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын» қолдауға шақырды. Сондай-ақ, барлық қатысушылар аталған декларация төңіре¬гінде өз ойларын білдіріп, оны бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.
Коалиция отырысында Декларацияны қолдау, "Қазақстан – 2050” Стратегиясындағы "Жаңа қазақстандық патриотизмді қалып¬тастыру”, "100 нақты қадам” Ұлт жоспарының "Біртектілік пен бірлік” бағыттарының айма¬ғы¬мызда жүзеге асырылуы мен аймақтық коалицияның жаңа регламентін бекіту секілді төрт мәселе қаралды. Сондай-ақ, аталған мәселелер төңірегінде бірқатар қатысушылар баяндама жасады. Жиын соңында қатысушылар Сыр өңірі тұрғындарына тәуелсіздік жетістік¬тері мен Қазақстанның Тұңғыш Прези¬дентінің көшбасшылығы, жалпыұлттық бірлік пен барша қазақстандықтардың жанкешті еңбегі паш етілген Үндеу қабылданды. Сондай-ақ, "Мәңгілік Ел” ұлттық идеясы саласында "Нұрлы Жол” бағдарламасы мен Ұлт жоспарын жүзеге асыруға барша қоғамдық күштерді жұмылдыру мақсатында коалиция мүшелері арасында меморандум жасалды. Басқосуда коалиция мүшелері аталған декларацияға тәуелсіз еліміздің санаулы уақытта жеткен жетістіктерін айқындайтын тарихи құжат деп жоғары баға берді.  
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 желтоксан 2016 г. 576 0