Бүгін біз барлық қазақстандықтармен бірге ерекше мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз. Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді.
Біздің еліміздің Президенті тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстарының авторы, әлемдік масштабтағы сарабдал саясаткер, өзінің халқына және Отанына барлық өмірін арнаған адам ретінде тарихта қалатын болады.
Қоғамдық-саяси өмірдегі жетістіктеріміз мемле¬кетімізді әлемдік қауымдастыққа мойындатып, өзінің лайықты орнын алды. Сонымен қатар биыл еліміз үшін айтулы жыл болды. Еліміз егемендікке қол жеткізіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанына 25 жыл толып отыр. Осы орайда, барлық аймақтарда жоғары деңгейде іс-шаралар өтуде.
Еліміздің осындай ерен табыстарына қуана отырып, біздер тәуелсіздік жылдары Қазақстанның қол жеткізген жеңістері Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен ат¬қарылғанын сезінеміз. Қызылорда облысының барлық этнос өкілдері Елбасына біздің аймағымызға үнемі назар аударып, қамқорлық білдіргені үшін әрдайым риза. Сонымен қатар мұндай қолдау біздерге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Вилорий ШИН,
«Қызылорда кәрістері қауымдастығы»
облыстық филиалы төрағасының орынбасары.
Бірінші желтоқсан – барлық қазақстандықтар үшін ерекше мереке.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар¬баев¬тың даналығы мен саяси көзқарасы еліміздің экономикалық дамуының дәйекті стратегиясын жасауға, күрделі реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бүгіндері бұл стратегияны барлық әлем жаңғыртудың қазақстандық моделі, дамудың айрықша жолы ретінде мойындап отыр.
Біздің Президент еліміздің бірлігін қамтамасыз етті, Тәуелсіздік жылдары оның басшылығымен адамдар ертеңгі күнге сеніммен қарай бастады. Бүгіндері біз болашағымыздың жарқын болатынына кәміл сенімдіміз. Ең бастысы – елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орныққан. Бұл біздің байлығымыз, оны әрбір қазақстандық мақтан тұтады.
Тұңғыш Президент күні барлық қазақстан¬дық¬тардың бірлігін бейнелейді. Бұл мереке Қазақстанның тәуелсіз даму жолындағы барлық жетістіктерінің айқын айғағы болып табылады. 1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан халқы өзінің тарихи таңдауын жасады, уақыт бұл таңдаудың дұрыстығын көрсетті. Бүгінде біздер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен Қазақстан экономикалық гүлденген, демократиялық және әлеуметтік мемлекет болып қалыптасты деп толық сеніммен айта аламыз.
Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасап, жайнай беретініне кәміл сенеміз.
Қахар ДАДАШЕВ,
өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы.
Қазір Қазақстан, Астана, Назарбаев деген сөздер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымға айналды. Осыған қарап біз әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып, ата-бабадан қалған асыл өнегені әдемі ұштастырып келе жатқан стратег, ұлтымыздың абыройына айналған Президентімізбен мақтана аламыз. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдың ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Жас ұрпақтың саналы, білімді болып, болашақта өз еліне пайдасын тигізуі үшін "Назарбаев Зияткерлік мектептері” ашылды. Ғылым саласында кеңінен қанат жаюға мүмкіндік беретін "EXPO – 2017” көрмесі өткізілгелі жатыр. Сонымен қатар "Күшті ұлт болу үшін, алдымен, ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет”,- деген еді Елбасы кезекті Жолдауында. Бұл жай айтылған сөз емес, астарына мол мағына жиған мәнді сөз, ұлтаралық достықтың дәнекері болар дәмді сөз дер едім. Себебі өзара татулық пен бірліктің, дінаралық келісім мен түсіністіктің арқасында біз еңселі ел екенімізді одан әрі айғақтай түстік. Сөз соңында талай халықаралық жобаларды табыспен жүзеге асырып келе жатқан Қазақстанымыздың абы¬ройы асқақтай берсін! Тәуелсіздіктің ғұмыры ұзақ, тұғыры берік болсын демекпін.
Сақтапберген ЖҰБАТҚАНОВ,
қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы.