Композиттік қызмет көрсетілуде

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру де-пар¬таменті директорының орынбасары Бахытбек Нұршатаев кездесіп, әңгімелесудің сәті түскен еді. Төменде сол шағын сұхбатты ұсынып отырмыз.
– Мемлекеттік корпорациясы құ¬¬рыл¬ғаннан кейін жұмыс бағыты қа¬лай жүріп жатыр? Жалпы, филиал қыз¬меті туралы қысқаша айтып өтсеңіз...
– Жұмыс форматында еш өзге¬ріс жоқ, Жер кадастры және жылжы¬майтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің жұмысы бұрынғы із¬бен кемшіліксіз атқарылуда. Яғни, мер¬зімі бұзылып, келушілерден на¬разы¬лық туын¬дап жатқан жоқ. Біздің негізгі қызметіміз – мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жылжымайтын мү¬лікті мемлекеттік-техникалық тексеру.
Осы орайда корпорация жұмыс¬ты жеңілдету бойынша өзгерістер жасал-ды ма? Қандай жаңалықтар енгізілуде?
– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» құрылғалы бері жұмысымыз өнімді жүріп жа¬тыр. Айта кетейік, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті тексеру дирекциясы композиттік қызмет көр¬сету бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Композиттік қызмет көрсету жы묬жымайтын мүлікке техникалық паспорт дайындаумен бірге оның техникалық сипаттамалары өзгерген жағ¬дайда тіркетуге арызды бірдей бе¬руін қарастырған. Мысалы, мүлік еге¬сі пәтеріне балконын (лоджиясын) қосып сыздыруға арыз бергенде бірдей тіркеуге де арызын беріп кетеді, яғни өтініш беруге екі мәрте келмейді. Ал өзгерген техникалық сипаттамалары заңдастыруға жататын болса (қайта жоспарлау, т.б), онда тіркеуге берген арызы орындалмай қайтарылады, тех¬никалық паспортымен бірге.
– Тағы да өзгерістер жоспарланған шы¬ғар?
– Әрине, үлкен өзгерістер жоспар¬лан¬ған, ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ко쬬¬мерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2016-2018 жыл¬дарға жоспарланған Стратегиялық жоспарында көрсетілген.
– Әңгімеңізге рахмет!
Әңгімелескен Р.АРЫСТАНБАЙ.

АҚПАРАТ 01 желтоксан 2016 г. 2 639 0