Кооперация ауылды көркейтеді

Кооперация ауылды көркейтедіҚР Үкіметінің кезекті мәжілісінде Қызылорда облысы қоғамдық
Кеңесінің төрағасы,
«Рза» АҚ президенті С.Имандосовтың сөйлеген сөзі

Елбасының тапсырмасына сәйкес, Үкімет Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Тұжырымдамасын әзірлеуде нақты жұмыстар атқарылуда деп айтуға болады.  
Біз Ауыл шаруашылығы министрлігімен селекторлық режимде, «Атамекен» ҰКП алаңында, өз өңірлерімізде,  Қоғамдық кеңес мә¬жілісі мен министрліктің алқа-сында Тұжырымдама жобасын талқылауға қатыстық.  
Осы талқылау нәтижесінде біздер агроөнеркәсіп кешені субъектілерін барынша мемлекеттік қолдау шараларымен қам¬ти отырып, жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалануды өте орынды шешім деп санаймыз.
Бүгінгі күні облыста 80 пайыздан астам сүт пен ет, жеміс-көкөніс өнімдерінің барлық көлемдері жеке қосалқы шаруашы¬лықтарда өндіріледі.
Қолданыстағы «Агробизнес2020» бағдарламасы көптеген ірі агроқұрылымдардың, оның ішінде өңдеу кәсіпорындарының аяғынан тұруына мүмкіндік берді. Дегенмен, осы кәсіпорындарды тұрақты түрде толықтай шикізат-пен қамту мүмкін болмай отыр.
Мысалы, біздің компанияның сүт өңдеу зауыты 50 пайыздық қуатта ғана жұмыс жасап тұр. Оны толық іске қосу үшін қосымша тауарлы-сүт фермасын кеңейтуге қомақты қаржы салу қажет. Бұл компания үшін үлкен қаржылық ауыртпалық болып отыр.
Сондықтан, сүт қабылдау пункттерін құру жеке қосалқы ша¬руашылықтарда өндірілетін сүттің сапасын жақсартуға септігін тигізсе, өз кезегінде біздің кәсіпорынның толық қуатта жұмыс жасауына мүмкіндік алады, ол ауыл халқын тұрақты жұмыс көзімен қамтамасыз ететін болады.
Екінші атап өтетін жағдай, бұл – суармалы жерлерді қайта  қалпына келтіру шаралары. Біздің суармалы егістік үшін бұл өте маңызды, себебі біздің облыста бірде-бір гектар суарылмай пайдаланылмайды. Тек, суармалы егіс жүйесін пайдалана отырып, біздер егін, мал шаруашылығын қарқынды дамытуға кепілді қол жеткізе аламыз. Сол себепті тұжы¬рымдамадағы суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру мәселесі дер кезінде көтерілген.
Жалпы тұжырымдамада мемлекеттік қолдау шараларын қайта бағдарлауда қабылданған шешімдерді дұрыс деп есептейміз. Яғни, бұрынғы жұмсалып отырған қаржыдан қосымша өнім алынғалы отыр.
Субсидиялау жүйесін жетілдірудің кейбір тетіктерін біз, мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу барысында, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп әзірлеудеміз.
Сөз соңында айтқым келіп отырғаны, агроөнеркәсіп кешенін дамыту саясатын кең талқылаудың арқасында, біздер жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану арқылы кооперативке біріктіріп, нарықта бәсекеге қабілетті өнім өндірісін дамытып, ауыл халқының өмір сүру деңгейін жақсартуға қол жеткізуге болатындығына толық көзіміз жетеді.
ҚОҒАМ 01 желтоксан 2016 г. 775 0