Осы аптада терең білімді адал еңбекпен ұштастыра білген, елдің дамуына айрықша үлес қосқан 30 жас «Сыр үміті» сыйлығының иегері атанды. Олардың қатарында білікті дәрігер, ұстаздар, халықаралық дәрежедегі спорт шебері мен өнерпаздар, БАҚ өкілдері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен жас ғалымдар бар.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қараша 2016 г.
1 225
0
Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы» қабылданған болатын. Осыған орай «Достық үйінің» мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік Декларациясын қолдау ниетінде актив отырысы өтті. Оған облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Л.Төрешова, қалалық «Қоғамдық келісім кеңесінің» төрағасы С.Әбішев, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ, аналар кеңесі мен жастар қанаты мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қараша 2016 г.
714
0
Кеше Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын Шаһизада Әбдікәрімовтің «Ақыл мен сезім бұрқағы» атты поэзия кеші өтті. Жыр марғасқасы биыл асқаралы алпыс жасқа толып отыр. Мерейтой иесін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қараша 2016 г.
752
0
Қызылорда облысында мүлікті жария ету жұмыстары жалғасуда. 2016 жылдың 24 қарашадағы жағдайы бойынша Қызылорда облысында мүлікті жария етуге барлығы 1770 өтініш 2093 жылжымайтын мүліктерді жария етуге берілген. Оның ішінде тұрғын емес үй-жайлар бойынша – 1187 өтініш, соның ішінде коммерциялық объектілер бойынша – 990 өтініш, тұрғын үй бойынша – 906 өтініш. Келіп түскен өтініштер бойынша мүліктердің жалпы бағасы 15 060 978,4 мың теңгені құрады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қараша 2016 г.
558
0
Облыстық мүгедектерге арналған оңалту орталығында «Үкілі үміт» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың өнер байқауы өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қараша 2016 г.
716
0
Облыстың Шиелі, Жаңақорған аудандарының елді мекендерін аралап, жұртшылықпен кездесу өткізіп жүрген ақпараттық топ өкілдері өз сапарларын одан әрі жалғастырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қараша 2016 г.
661
0
Кеше Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайында "Жергілікті өкілді орган – мәслихаттың қоғамдағы ролі” тақырыбында конференция өтті. Жиынға облыстық мәслихаттың 1-6 шақырылым аралығында сайланған депутаттар, қалалық және аудандық мәслихат хатшылары мен қалалық мәсли¬хат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қараша 2016 г.
670
0
Бүгін Қызылордадағы Мұз айдыны кешенінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы флэш-моб өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 қараша 2016 г.
569
0
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында осы тақырыппен танымдық мазмұндағы дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Ол ұлттық қауіпсіздік және комсомол ардагері Абдат Бермұхамедұлы Бапалақовтың 70 жылдық мерейтойына арналды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 қараша 2016 г.
599
0
Қызылорда қаласында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырылды. БАҚ өкілдері жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысымен танысты, - деп хабарлады "Даму" қоры филиалының баспасөз қызметінен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 қараша 2016 г.
603
0