Осы аптада терең білімді адал еңбекпен ұштастыра білген, елдің дамуына айрықша үлес қосқан 30 жас «Сыр үміті» сыйлығының иегері атанды. Олардың қатарында білікті дәрігер, ұстаздар, халықаралық дәрежедегі спорт шебері мен өнерпаздар, БАҚ өкілдері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен жас ғалымдар бар.
Мерекелік шарада жастарды облыс әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы құттықтап, елімізде, оның ішінде облыста жастар саясатын жүзеге асыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылғанына тоқталды. Жастарға сапалы білім беру, тұрақты жұмысқа орналасу және өзін-өзі дамыту үшін барлық мүмкіндіктер жасалып жатқанын айтты.
– 200-ге жуық қызылордалық бүгінде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанды, олардың 80-нен астамы Қызылорда облысында жұмыс істейді. 20 мыңнан аса жас «Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға!» және «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламаларына қатысты. Республикада алғаш рет біздің облыста еңбек ресурстарының балансы құрылды. 391 студент Сыр еліне қажетті мамандықтар бойынша Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуда, 4 мыңға жуық жас түлек «Серпін» бағдарламасымен оқып жатыр. 512 озат оқушы грант иегері атанды. Биыл алғаш рет облыста шығыс жастарының көшбасшысы Ғани Мұратбаев атындағы сыйлықты табыстадық. Келешекте бұл дәстүр жалғасын табатын болады. Еліміздің әрбір үшінші тұрғыны – жасы 30-ға толмаған белсенді жастар. Олардың дамуы, қоғамнан өз орнын табамын деген талпынысы мемлекет болашағын айқындайды. Сондықтан біз жастарға үнемі қолдау көрсететін боламыз, – деді аймақ басшысы.
Жоғарыда айтқанымыздай, сыйлықты иемденгендердің ішінде елдің атын шығарып, көк байрақты көкке көтеріп жүрген жерлестеріміз бар. Дзюдодан ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар арасында Әлем чемпионы Мағжан Шамшадин – Сыр халқының мақтанышы. Елдің үмітін арқалаған жастардың арасында жұлдызы жанып тұрған, пауэрлифтингтен ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Азияның 2 дүркін чемпионы Елдос Ермаханов та бар. Олар «Сыр үміті» сыйлығы өздеріне артылған үлкен сенім, зор жауапкершілік деп біледі. Жүктелген жауапкершілікті сезінген Сыр үміттері аға-буынның ізін жалғап, артылған сенімді ақтауға тырысатынын айтады.
М.СНАДИН.
«СЫР ҮМІТІ-2016» СЫЙЛЫҒЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ
ТІЗІМІ
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ
1. МОЛДАБЕРГЕНОВ Бекзат Рыс¬бекұлы- Қызылорда облыстық филармо¬ниясының әртісі.
2. ШАЙХУТДИНОВ Динислам Фауисович - Облыстық «Ана мен бала орта¬лығы¬ның» ординатор-дәрігері.
3. ҚАЛЫМБЕТ Мөлдір Снадинқызы -Облыстық "Сыр бойы” газетінің тілшісі.
4. НЫСАНБАЕВ Жарас Жұмаханұлы -«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы ұйымдастыру - бақылау жұмыстары бөлімінің консультанты.
5. ЗИНУЛЛАЕВ Ернар Серікұлы -«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «Қызылорда бөлімшесі ГП» филиалының шаруашылық секторының басшысы.
6. НИЯЗОВА Динара Жұмабекқызы -Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, «Физика-химия¬лық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана инженері.
7.ШАЙМҰХАНБЕТҰЛЫ Жақып - «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлес¬тігі¬нің басқарма президенті.
8. CӘДІРОВ Айдос Маратұлы - «Сту¬денттік жастардың еңбек жасақтары облыс¬тық штабы» қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі.
9. ЫБРАХИМ Әділ Мұратұлы- «Жас¬тар ресурстық орталығы» КММ Шиелі аудандық бөлімше басшысы.
10. ТӨРЕБАЕВА Әсел Мирамбекқызы- Қызылорда облыстық филармониясының әртісі.
11. ЛУЦА Константин Васильевич - Бола¬шақ университетінің 4- курс студенті.
12. ҚУАНЫШБАЕВ Алмат Жомартұлы - «GRAND» master» ЖШС-ның директоры
13. МЕЙРАМБЕК Құралай Мейрам¬бекқызы - №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының 9 «Б» сынып оқушысы.
14. ӨТЕТІЛЕУ Айдана Өтетілеуқызы -С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің математика пәні мұғалімі.
15. СҰЛТАНХАН Мейірбек Бектұр¬сын¬ұлы - айтыскер ақын.
16. ШАМШАДИН Мағжан Киікбайұлы - М. Мәметова атындағы Қызылорда гумани¬тарлық колледжінің студенті.
17. ЕРМАХАНОВ Елдос Бахитбекович - «Димаш-Сервис» ЖШС-ның инженер-жобалаушысы.
БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ
18. СЫЛАНОВА Айжан Амитбекқызы - Байқоңыр қаласы, №274 орта мектебінің 10- сынып оқушысы.
АРАЛ АУДАНЫ
19. АМАНБАЕВА Жаннұр Альмурза¬қызы - №83 орта мектебінің 9 «А» сынып оқушысы.
20. МҰХТАРОВА Гүлжайна Басбай¬қызы - №19 дырынды балаларға арналған резервті спорт мектебінің тхэквондо бөлім¬шесінің жаттықтырушысы.
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ
21. АҚБАЕВА Жанна Қалиқызы - Қы¬зылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті № 266 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі.
22. АХМЕТОВ Олжас Кенжебайұлы - «Жастар ресурстық орталығы» КММ Қазалы аудандық бөлімінің басшысы.
ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ
23. АЯПОВА Арайлым Турехановна - Қармақшы аудандық білім бөлімінің №277 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі.
ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ
24. ҚАЗБЕКОВ Нұрсұлтан Алпыс¬байұлы - «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі.
25. ҚҰНДЫЗБАЕВА Фариза Бегімсал¬қызы - Жалағаш ауданы №122 орта мектеп, химия пəні мұғалімі.
СЫРДАРИЯ АУДАНЫ
26. КАСЫМОВА Арайлым Сейтжановна - Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ның Сырдария ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы.
27. МЫҒЫМБАЕВ Бағлан Анафияұлы- «Мағжан және К» ЖШС сушысы, Сырдария ауданы.
ШИЕЛІ АУДАНЫ
28. АХТАЕВ Нуртилек Абдигаппарович - Шиелі аудандық балалар әуез мектебінің мұғалімі.
29. ДҮЙСЕНОВА Мөлдір Мейрам¬ханқызы - №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ
30. ҚАЛЫМБЕТОВ Оразай Сәрсенұлы - ДК «МСК» аяқ киім цехының тігін маманы және жоба жетекшісі.