«Тұлға тағылымы – ұрпаққа ұлағат»

«Тұлға тағылымы – ұрпаққа ұлағат»Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында осы тақырыппен танымдық мазмұндағы дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Ол ұлттық қауіпсіздік және комсомол ардагері Абдат Бермұхамедұлы Бапалақовтың 70 жылдық мерейтойына арналды.
Шараны  «Ұрпақтан – ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алмагүл Божанова ашып, мерейтой иесінің өмір жолдарына кеңінен тоқтады. Сондай-ақ, шарада ұлттық қауіпсіздік саласының ардагері Әмірхан Бәкіров, комсомол саласының ардагерлері Сайлаубай Әбішев, Амангелді Құдайбергенов, облыстық қоғамдық жастар ұйымының көшбасшысы Базартай Жандос, облыстық «Сыр бойы» газетінің бөлім басшысы Жолдасбек Ақсақалов сөз сөйлеп, Абдат Бермұхамедұлының өнегелі өмір жолы, комсомолда атқарған игі істері, қауіпсіздік органдарында атқарған қиын да, күрделі қызметі туралы жан-жақты әңгімелеп берді.
Ж.ӘЛМАХАНҰЛЫ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қараша 2016 г. 599 0