
Бүгін Қызылордадағы Мұз айдыны кешенінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы флэш-моб өтті.
Оны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық ішкі саясат және білім басқармаларымен, орта арнаулы, жоғарғы оқу орындарымен бірлесіп ұйымдастырды. Жиналған 900-ден астам студент құқықбұзушылыққа төзбейтінін белсенді түрде білдіріп, «Жемқорлыққа жол жоқ!» деп ұрандатты.
Департамент басшысы Абзал Мұхимов шараның негізгі мақсаты жастарды сыбайлас жемқорлыққа күреске тартып, олардың арасында қауіпті індетке қарсы мәдениет қарыптастыру екенін жеткізді.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.