Еңбек – өмірдің ұстазы. Ерен еңбектің терең сабағын алған сайын елдің әл-ауқаты артып, қуаты күшейе береді. Ел қуаты – ертеңнің мұраты. Н.Назарбаев. Осыдан жиырма бес жыл бұрын Қазақ жерінде ұлттық намыстан жаралған – парасат рухы, тәуелсіздік рухы қалықтады. Әлемде үстемдік құрады деген коммунизм елесінің көбесі сөгілді, еңсесі еңкейді. Сол тарихи сәтте азаттықтың ақ жолында қаны төгілсе де, ары төгілмеген қазақ елі де ғасырлар бойғы алапат армандарының тұсауын кесті. «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген қағидада тәрбие алған ұлы дала ұландары ұлттық намыстың тайбурылына мініп, тәуелсіздігіміздің қияға ұшар қанатына айнала білді. Біздің ұлттық намысымыз жеке бастың не болмаса бір рудың мүддесі емес, ұлтымыздың ұлықтығы үшін әр адамның ұрпақтық парызы мен ата-бабамыздың алдындағы қарызы екенін тағы бір паш етті. Ұлттық намыстан туар патриоттық рухымыз кезінде тарих бетінен ысырылып қалмауымыздың қайнар көзі болды. Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі кеңістікте Ұлы Дала өркениетін жария еткен ата-бабаларымыздың негізгі қаруы, елім дейтін намысты ерді қадірлеу дәстүрі жоғары болды.
ТАҒЫЛЫМ
19 қараша 2016 г.
1 288
0
Абылай Айдосов ағамызбен 1980 жылы КОКП-ға кандидат болып қабылданғанда таныстым. Сол жылдары Қызылорда қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Абылай Хангерейұлының кабинеті қаламыздың орталық алаңындағы ғимараттың екінші қабатында орналасқан болатын. Кабинетіне кіргенде орнынан тұрып, жылы жүзбен қабылдаған Абылай Хангерейұлы жағдайымды, денсаулығымды сұрап, жұмыс істеп жүрген «РМЗ» ұжымындағы жағдайды білгісі келіп қызығушылық танытты. Әңгімелескеннен кейін маған өз қолымен партия билетін табыстап, есікке дейін шығарып салды. Содан 18 жыл өткесін тағдыр екеумізді Қызылорда облысындағы екі іргелі оқу орны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ы.Жақаев атындағы Агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты қосылғаннан кейін қайта табыстырды. Сол уақыттан бастап ағамызбен бірге бір факультетте, бір кафедрада қызмет етіп, болашақ тарихшы мен археолог-этнолог мамандығының студенттері мен магистранттарына дәріс бердік.
ТАҒЫЛЫМ
15 қараша 2016 г.
1 072
0
Еңбек ардагері, Қызылорда облысының құрметті қайраткері, жазушы-журналист Шайхислам Серікбайұлы 90 жастан асқанда дүниеден озды.
ТАҒЫЛЫМ
15 қараша 2016 г.
1 470
0
Аймақ руханияты ауыр қазаға душар болды. Үстіміздегі жылғы 10 қарашада сексен жасқа қараған шағында белгілі ақын Адырбек Сопыбеков дүниеден озды.
ТАҒЫЛЫМ
12 қараша 2016 г.
3 201
0
Ұстаз шәкіртімен мақтанады. Облыс спортын өрге сүйреп, абырой биігінен көрініп жүрген Садық Шоңмұрынұлы Мұстафаев – мақтаулы шәкірттеріміздің бірі. Оның халық алдындағы қалтқысыз қызметіне әрдайым сүйсініп, тілектестік білдіріп отырамыз.
ТАҒЫЛЫМ
12 қараша 2016 г.
1 368
0
Әшірбек Нарманұлы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы Қосшыңырау елді мекенінде өмірге келген. Сырдария ауданына қарасты орта мектепті 1946 жылы бітіріп, кейін оқуын Қызылорда қаласындағы Су шаруашылық техникумында жалғастырады. Еңбек жолын Шиелі аудандық суландыру басқармасында басшы, бөлім басшысы, қызметінен бастады. Кейін Приморье өлкесіндегі екіжылдық әскери бөлімдердің орта буын командирлерін дайындайтын мекте¬бінде оқып, лейтенант атағын алып елге оралады.
ТАҒЫЛЫМ
10 қараша 2016 г.
783
0
«Сыр елі – жыр елі» деген сөз текке айтылмаған. Мұнда Сыр сүлейлерінің сөзі қалған. Бүгінгі жас ұрпақ Тұрмағамбет, Нұртуған, Көшеней жырларының күш-қуатын алдыңғы буын өкілдері секілді толық сезіне алмауы мүмкін, алайда тегеурінді жырлар әлі күнге дейін талайлардың жүрегін тербеп келеді. Сол шайырлардың сарқытындай болған Шәкизада Әбдікәрімов атты дауылпаз ақынды танып, біліп, достасқаныма отыз жылдың жүзі болыпты. Шәкең – арқалы ақын. Оның қаламынан туған жырларда көненің сарыны, алдаспан ойдың ағыны бар. Ақынның алғашқы кітабы «Көктем тынысы» деп аталады. Талай парақтадық. Одан кейінгі «Қарлығаш» топтамасы да тартымды. «Байқоңыр» атты жинақта да оқыған адамның ойын тербейтін жауһар жырлар баршылық. «Алтын қазық» кітабы арқалы ақынды жаңа белеске көтерді.
ТАҒЫЛЫМ
05 қараша 2016 г.
1 466
0
Өтіп бара жатқан жылдар-ай... Сол бір мәртебелі мінберден Ахметтің сөз сөйлеп, оның еңбектегі көлемді көрсеткіштерін өз аузымен естігенде кең залдағы алқалы қауымның Сыр бойынан келген шопанның толағай табысына марқайып, ұзақ қол соққанына, съезді басқарып отырған Қазақстанның бірінші басшысының оның адресіне тоятты құттықтау айтқанына да жарты ғасыр уақыт өтіпті.
ТАҒЫЛЫМ
05 қараша 2016 г.
1 094
0
«Алтын күз-2016» мерекесі аясында Шиелі кентіндегі Көкшоқы шағын ауданында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Байтілес Жүсіповтің атына көше берілді. Аудан орталығына кіреберіс жердегі үлкен көшеге жаңа атау беру салтанатына ардагерлер мен тұрғындар, ауылдастары мен ұрпақтары қатысты.
ТАҒЫЛЫМ
03 қараша 2016 г.
864
0
Сыр бойының қайраткер азаматы, ауыл шаруашылығы өндірісінің ірі ұйымдастырушы маманы, Социалистік Еңбек Ері Бисенов Алдаберген ағамыздың туғанына 90 жыл толуына арналған тойы өтіп жатыр. Бұл той – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұны жақсылықтың нышаны деп, жақсы ырымға жатқызуға болады.
ТАҒЫЛЫМ
01 қараша 2016 г.
1 211
0