Еңбек ардагері, Қызылорда облысының құрметті қайраткері, жазушы-журналист Шайхислам Серікбайұлы 90 жастан асқанда дүниеден озды.
Шайхислам Серікбайұлы 1926 жылы 22 наурызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.
Орта мектепті бітірген соң Ташкенттің теміржол техникумын, кейін Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің орыс бөлімін тәмамдаған.
Еңбек жолын Қазалы локомотив депосында бастап, Қызылорда теміржол бөлімшесінде, одан әрі Қазалы аудандық, Қызылорда облыстық партия комитеттерінде, халықтық бақылау комитетінде қызмет етті.
Облыстық «Путь Ленина», қазіргі «Кызылординские вести» газетінде жұмыс істеді. Облыстық кеңестің депутаты болып сайланған. Облыстың әлеуметтік, рухани дамуына қосқан үлесі үшін республикалық «Иман» сыйлығының, Журналистер одағы сыйлығының иегері атанды. КСРО-ның құрметті теміржолшысы, Қызылорда облысының құрметті қайраткері, Қазалы ауданының құрметті азаматы, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі. Тарихи хикаяттар мен деректі әңгімелері он бестен аса жинақ болып шығып, автор оқырмандардың ықыласына бөленді.
Белгілі еңбек ардагері, жазушы-журналист Шайхислам Серікбайұлының жарқын бейнесі жұртшылық жүрегінде ұзақ уақыт сақталатын болады.
Қызылорда облысының әкімдігі мен мәслихаты,
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы,
облыстық ардагерлер кеңесі және Қоғамдық кеңес,
Қызылорда қаласының әкімдігі.
Марқұмның намазы 15 қараша, сағат 11.00-де Бегім ана көшесі 10 а үйде, асы сағат 12.00-де «Ақ ниет» мейрамханасында өткізіледі.