Ұстаз сенімі шәкіртке  кез келген атақтан қымбат

Ұстаз сенімі шәкіртке кез келген атақтан қымбат

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, әдебиетші ғалымдар арасында өзіндік мығым орны бар зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Темірхан Тебегенов сынды ұстазым ойға түссе, еңсемді еріксіз тіктей бастаймын. Өйткені, оның ғылымға деген адалдығы, ерінбейтін-жалықпайтын ізденгіштігі, қандай жағдайда да мүжіліп-мұқалмайтын өмірге деген құштарлығы, адам баласын алаламайтын асыл қасиеті шәкірттеріне үлгі. Ұстазға тән мұндай орнықты мінездің қалыптасуына ұзақ жылғы педагогикалық қызметтің оң әсер еткені түсінікті. 
ТАҒЫЛЫМ 02 қараша 2019 г. 1 003 0
Ауылдан шыққан ғалым

Ауылдан шыққан ғалым

Халқымыздың мақтанышы, ұлы ойшыл-ақын Абай: Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, — деген тарихи өлеңінің осы жолдарын профессор Темірхан Тебегеновке де арнап айтуға болатындай.
ТАҒЫЛЫМ 30 қазан 2019 г. 679 0

Көзкөргендер көңілінен өшпейді

 Бақ жұлдызы жанатын пендесін Жаратқан әу бастан-ақ шыңдап, өмір өткелдерінен өрге сүйрейтіні баршаға белгілі жайт болса керек. Мына дүниеге кім келіп, кім кетпеген?! Бұл шексіз әлемде әркімнің өз тағдыры, жолы, биігі бар.
ТАҒЫЛЫМ 24 қазан 2019 г. 620 0

Өмірі өнегенің өрмегіндей

Қазақта «Тау алыстаған сайын биіктей береді» деген қанатты сөз бар. Соңғы кездері бұл сөздің астарының таңғы шықтай мөлдіреп, тұнып тұрғанына көз жетіп келеді. Бұған бір дәлел, биыл бақилық болғанына тура он жыл толып отырған ұлағатты ұстазымыз Досмахан Сұлтановтың асыл бейнесін әркез еске алған кезде мен оның бұрынғыдан да тұлғаланып бара жатқанын жиі байқап жүрмін.
ТАҒЫЛЫМ 20 қазан 2019 г. 429 0

90 жыл бұрын: Алматыға бет алған көш

Биыл ел астанасының Қызыл­ордадан Алматыға көшкеніне тура 90 жыл толды. Сыр жағасындағы шағын қала астана болған 4 жылда айтулы жаңалықтардың ордасына айналды. 1925 жылғы 15-19 сәуір аралығындағы Қазақ кеңестерінің V съезіне төрағалық еткен Сұлтанбек Қожанұлы күн тәртібіне екі мәселе енгізді. Біріншіден, делегаттардың шешімімен ұлтымыздың «қазақ» деген шын атауы қайтарылды. Екіншіден, Ақмешіт қаласының аты Қызылорда болып өзгертілді. 
ТАҒЫЛЫМ 19 қазан 2019 г. 645 0
Беркінбай қалпе

Беркінбай қалпе

  Сыр топырағының перзенті, Жалағаш ауданының қазіргі Ақсу ауылында  өмір сүрген,  бойындағы тылсым қасиетімен  есімі ел жадында қалған қадірлі жан Беркінбай қалпе туралы аңызға бергісіз әңгімелер көп айтылады. Жаратылысы ерек, тұла-бойында беймәлім қасиет тұнған тұлға аса мықты емшілік қабілетімен де елдің ыстық ықыласына, құрметіне  бөленген жан. 
ТАҒЫЛЫМ 19 қазан 2019 г. 1 495 0
Ғалым ғибраты

Ғалым ғибраты

  Атам заманнан бері  Сыр өңірінің жағдайы жоғарыдан ағып келіп, көлдер мен ойпаттарды суға толтырып, соңынан өсімдік біткеннің барлығына қоректік заттар мен ылғал нұрын төгетін  Сейхун дариясымен байланысты. Ұлы дария о бастан өз жағалауын көкорай шалғынға айналдырған. Сондықтан, өзен суын осы аймақта тірлік еткен азаматтардың мұқтажына жарату маңызды мәселе болған.
ТАҒЫЛЫМ 17 қазан 2019 г. 652 0

Жер-Анамен тамырлас

Тағдыр мені талай текті тұлғалармен тұз-дәмдес етіп, олармен тонның ішкі бауындай сыйлас­тықпен ғұмыр кешуді жазса керек. Сол тұлғалардың “Жақсының шарапаты жалпақ елге жетеді” деп атам қазақ айтқандай, бар ғұмырын ұрпақтарға ұлағат етуді мұрат тұтып, жандары ізгілік шуағымен жадыраған жандардың артында өшпес із, өлмес мұра қалдырып келе жатқанын біреу білсе, біреу білмес. Солардың бірі, бірі ғана емес бірегейі, “Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр – жақсылық мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр – бау өсіріп жаса нұр” деген атам қазақ аманатын пір тұтып, бар ғұмырын Жер-анамен тамырластырған тұлға, облыс­тағы орманшылардың  жасы үлкен ақсақалының бірі – ­Мұхитдин Исмаилов ағамыз десек, асыра айт­қанымыз болмас. 
ТАҒЫЛЫМ 15 қазан 2019 г. 552 0

Қылауыз ата жәдігері

«Алаштың анасы» атанған Сыр бойындағы қойнауы шежіреге толы өлкенің бірі – Жаңақорған ауданы. Аудан аумағы тарихи ескі қалашық пен мәдени-рухани ескерткішке бай. Солардың бірі жергілікті деңгейдегі тарихи-мәде­ни ескерткіштер қатарындағы Қылауыз ата (Жақып ата) кесене мазараты. 
ТАҒЫЛЫМ 13 қазан 2019 г. 777 0

Шәкірт шамшырағы

Жақында Арал қаласындағы аймаққа өнегелі істерімен әйгілі №262 мектеп-гимназия директоры Бекболат Садуақасов пайғамбар жасы 63-ке толатынын құлағым шалды. Қиялым кейінде қалған керуен жылдарға құлаш ұрды. Теңіздің теріскей бетіндегі Ақбастыда сол ауылдағы №22 Ауан орта мектебінің директоры Әки Садуақасовтың отбасында туып-өскен Бекболат ауыл мектебін бітірген бетте маған кездескен. Аз ғана уақытта Арал аудандық мәдениет үйі жанындағы Қазанғап атындағы халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі, туған ауылындағы білім ұясында үйірме жетекшісі қызметтерін ойдағыдай атқарғаны есімде.
ТАҒЫЛЫМ 12 қазан 2019 г. 390 0