Бейсенбі күні Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылында 300 орындық жаңа мешіт мұсылман жамағаттың игілігіне айналды. Имандылық үйінің ашылу рәсіміне «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы Талғат Омаров қатысып, ауылдағы ағайынның қуанышына ортақтасты.
РУХАНИЯТ
05 қараша 2016 г.
1 233
0
Көпшілік қауым кітап оқудан қол үзіп, материалдық игілікке көп мән беріп кеткен тұста қазақы қара өлеңнің қадірін қашырмай өзіне мұңдас, сырлас тұтқан Арал ауданының Қаратерең елді мекенінде тұратын, ардагер ұстаз, шынайы ақын Шынтемір Әмишаұлы қысқа мерзімде қос бірдей жыр кітабын шығарып үлгерді.
РУХАНИЯТ
03 қараша 2016 г.
1 280
0
Талғат МАҚАШОВ, облыстық филармония директоры, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері. Киелі шаңырақ саналатын, бастауын сонау әнші-композитор, ақын Нартайдың концерттік-эстрадалық бригадасынан алған тарихи ұжымның бірі – Қызылорда облыстық филармониясы. Күні бүгінге дейін Сыр өңірі мәдениетінің дамуына аталған өнер шаңырағының қосқан үлесі ұшан-теңіз. Қырық жылдан аса уақыт ішінде киелі ортаның қалыптасып, аяғынан тік тұруына талай өнер майталмандары табанды еңбегі мен тынымсыз ізденісін, қажыр-қайратын жұмсады. Бүгінде сол қарашаңырақтың туын жықпай, биікке желбіретіп келе жатқан өнер ұжымының жеткен жетістіктері айтарлықтай.
РУХАНИЯТ
29 қазан 2016 г.
1 087
0
Танымал жазушы, белгілі драматург Сұлтанәлі Балғабаев 70 жасқа толу құрметіне орай туған өлкесіне келіп, жерлестерімен жүздесті. Сұлутөбенің жаңадан салынған мәдениет үйіндегі кездесуді Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев ашып, қаламгердің өмір жолымен таныстырды. Мектеп бітіргеннен кейін еңбек жолын кеңшарда қой бағудан бастаған талантты жас шаруашылықтың, мал бағудың, ондағы ата-баба қалыптастырған дәстүріне қанығады.
РУХАНИЯТ
29 қазан 2016 г.
792
0
Жуырда қалың оқырманға арналған жазушы, тарих зерттеушісі Бегімбай Ұзақбаевтың «Тұранның тұғырлы тұлғасы» атты кітабының төртінші басылымы жарық көрді. Бұл роман Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлының туғанына 440 жыл толуына орай шығарылған.
РУХАНИЯТ
29 қазан 2016 г.
849
0
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары. Студенттердің өмірі қыж-қыж қайнаған ҚазМУ қалашығы. Сабағы мен сауығы қатар серпілген студент жастардың жиі жүздесетін жаз айы. Жатақхана алдындағы бірен-саран орындық босай қоймайды, босаған күнде де қыздарға қиып жіберетін жігіттер жапатармағай жинала қалады. Мұндайда өнерге деген жақындығы, етене ерекшелігі бар филология, журналистика, тарих факультеті студенттері әдеттегідей ән-жырдан жарыса кетеді. Бірі гитараға, бірі домбыраға қосылып, кейде дуэт, кейде трио болып, шырқай жөнеледі. Көбінше орындалатыны – Шәмшінің әндері.
РУХАНИЯТ
15 қазан 2016 г.
934
0
1. 25 жыл азаттық таңы атқалы, Шұғылалы шуағын таратқалы. 25 жыл ел болып егеменді, Жар болғаны халқыма Жаратқаны.
РУХАНИЯТ
08 қазан 2016 г.
1 008
0
Талантты тұлғаларды бір арнада тоғыстыратын киелі шаңырақ – театр. Туы көкке желбіреген Тәуелсіз еліміздің мәдениетінің дамуына театрлар елеулі үлес қосуда. Осындай театрлардың бірі – аймағымыздағы Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры. Киелі шаңырақ құрылғаннан бері тағылымды қойылымдарымен көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді. 1955-1970 жылдарда аянбай еңбек етіп, саналы ғұмырын сахнаға арнаған жандардың ішінде Көпбаевтар әулетінің орны ерекше.
РУХАНИЯТ
06 қазан 2016 г.
958
0
Мәдениет – адамзат баласының рухани азығы, сарқылмас байлығы, дүниенің құнды қазынасы. Ұлтымыздың рухын көтеруде тарихи оқиғалар желісінің маңызы зор екендігін ескерсек, ол да мәдениетімізден бастау алатыны анық. Сондықтан да мәдениет тарихымыздың әр кезеңімен үндес болып келеді. Жылдармен бірге қоғам да даму үстінде. Ал қоғамның қозғаушы күші мәдениет екені белгілі. Облысымызда өзге салалармен бірге мәдениет саласы да жылдан жылға дамып келеді. Оның айғағы – клуб кәсіпорындары санының жыл сайын өсуі. 2001 жылдары клуб кәсіпорындарының саны 155 болса, қазіргі таңда 173-ке жетіп отыр.
РУХАНИЯТ
04 қазан 2016 г.
2 847
0
Жас таланттарды қолдау мақсатында облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының ұйымдастыруымен өткізілетін «Ботақан» балалар телефестивалі өнерлі балалардың ордасына айналып келеді.
РУХАНИЯТ
04 қазан 2016 г.
965
0