ЖАСТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ РУХЫН ОЯТАДЫ

ЖАСТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ РУХЫН ОЯТАДЫЖуырда қалың оқырманға арналған жазушы, тарих зерттеушісі Бегімбай Ұзақбаевтың «Тұранның тұғырлы тұлғасы» атты кітабының төртінші басылымы жарық көрді. Бұл роман Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлының туғанына 440 жыл толуына орай шығарылған.

Романда Орта Азияның бір бөлігі – Тұран елінде 40 жылдан астам уақыт бойы билік жүргізген қазақтың қайсар перзенті, тарихи ірі тұлға Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлының өмірі мен ерлігі жан-жақты суреттелген. Шығарманың оқиғасы шымыр, баяндалуы қызықты. Жалаңтөс батыр «бүгінімізді ойлау – ертеңімізді болжау» деген қағиданы қашанда ұстанып, тәртіптің болғанын жан-тәнімен қалаған. Ақылдылық пен ерлікке тең келер бұл дүниеде күш те, қару да жоқ деп түйсінген батырдың ел басқару мен оның бойындағы жауды сескендірер ерекше қасиеті оқырманды елітіп әкетеді. Қай жағынан жау төнсе де, бірінші болып аттанып, ат басын жүгеннен түсірмей, еңсесін еңкейтпей, жауынгерлерін жеңіспен жанып қайтатын Жалаңтөс бүкіл Тұран жұртының құрмет көрсетіп, сенім артар ақылшысына айналды.

Кітаптың Қазалы аудандық «Игілік» кооперативтік қорының «демеушілігімен жарық көргенін айта кету керек. Бұл еңбек жастардың азаматтық рухын оятып, еліне деген сүйіспеншілігінің, патриоттық сезімінің күшеюіне ықпал етері анық.

 

А.Сағатбекқызы.
РУХАНИЯТ 29 қазан 2016 г. 849 0