Қазалыда қарқынды тірлік бар

Қазалыда қарқынды тірлік бар

Келер жылы Қазалы ауданындағы орталық аурухана мәселесі түпкілікті шешімін табады. Бүгінде қажетті қаражат бөлінген, құрылыс жұмыстарын 2017 жылдың соңында бітіру жоспарлануда. Сондай-ақ, аудандағы апатты жағдайдағы 5 мектеп қайта бой көтеретін болады. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қазалы ауданы әкімі Нәжмадин Шамұратов мәлім етті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2016 г. 945 0
Балалар құқын қорғау – басты міндет

Балалар құқын қорғау – басты міндет

Қай кезеңде болмасын реформалар өздігінен және оңайлықпен іске аспайтыны белгілі. Десек те, «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспары мемлекетті алға бастырудың тиімді жолдарының бірі екенін дәлелдеп отыр. Расында да, жұртшылық бірте-бірте реформаның іске асырылып отырғанына көз жеткізуде. Дамыған отыз мемлекеттің құрамына кірудің Ұлттық жоспары болып табылатын Бес институционалдық бағдарламаны жүзеге асыруда әділет органдарына да бірқатар міндеттер жүктелген. Осыған орай газет тілшісі облыстық әділет департаментінің басшысы Қалдыбек Сапаровқа жолығып, әңгімеге тартқан еді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2016 г. 1 534 0
Ел еңбеккерлерінің ерен табысы

Ел еңбеккерлерінің ерен табысы

Биылғы жыл барша қазақстандықтар үшін айрықша жыл. Азаттықтың ширекғасырлық мерекесі барлық отандастарымызға үлкен жауапкершілік жүктейтіндігі ақиқат. Елін сүйген, жерін сүйген әрбір азамат Отанымыздың ынтымағы мен бірлігін ту етіп ұстай отырып, ел дамуына хал-қадірінше өз үлесін қосуы тиіс. Міне, осы парызды жүзеге асыру барысында алты Алаштың анасы атанған Сыр өңірі тағы да көш басынан көріне білді. Қызылорда облысы соңғы жиырма жыл ішінде болмаған жетістікке қол жеткізіп, күріштен рекордтық өнім алды. Аталған мерейлі еңбек жеңісіне ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаев бастаған 41 Еңбек Ері шыққан Шиелі ауданы ерекше үлес қосты. Аудан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және оны өңдеу барысында барлық салада жоғары көрсеткіш көрсетіп, «Алтын күз – 2016» жеңімпазы атанды.  
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2016 г. 689 0

Түсінісу пайымы

Адамзатты алаңдататын, толғандыратын бірнеше мәселе бар. Мысалы, олардың кейбіреулерін атайтын болсақ, ол экология проблемасы, температураның жыл сайын күрт жылуы, ауаның ластануы, топан су басу қаупі, жаппай қырып-жою қарулары (атом, сутегі бомбалары, химиялық, биологиялық қарулар) т.б. Бұларды ғалымдар дәлелдеп және олар осы қауіп туралы тынбай айтып та, жазып та келеді. Ол адамдардың түсініспеуі, тіл табыспауы, бітімгершілікке келмеуі. Осы экологиялық қатермен пара-пар қауіп.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2016 г. 613 0
Туған жерін түлеткен

Туған жерін түлеткен

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі біздің аймағымыз үшін мерейлі істердің бастауы болды. Атакәсіпті дамытып, егін шаруашылығының өлкемізге тән өзіндік дәстүрін қалыптастырған дала академигі, даңғайыр диқан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы аталып өтті. Шындығында, тарихы кенен, тағылымы терең Сыр елі – талай туымды тұлғалардың тұғыры болған мекен.  Адал еңбегімен, адамгершілік қадір-қасиетімен халқының жүрегінен орын алған осындай азаматтың бірі де бірегейі, соғыс ардагері, Социалистік Еңбек Ері Алдаберген Бисенов. Еңбегі ерен тұлғаның туғанына 90 жыл толуына орай  Жалағаш ауданында ұлықтау шаралары аталып өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2016 г. 1 340 0
Баға тұрақтылығы бақылауда

Баға тұрақтылығы бақылауда

Өңірлік коммуникациялар орталығында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Б.Жаханов, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Орынбаев, облыстық статистика департаменті басшының орынбасары Г.Нұрқабылова бағаны тұрақтандыруда атқарылған шаралар туралы журналистерге айтып берді. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2016 г. 806 0
Статистика – өмір айнасы

Статистика – өмір айнасы

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік статистиканы түбегейлі реформалау жүзеге асырылды. Осының негізінде салаға халықаралық стандарттар мен сыныптаулар, көрсеткіштердің жаңа жүйелері мен статистикалық байқаудың әдістері енгізілді. БҰҰ Еуропалық Экономикалық комиссиясы халықаралық сарапшыларының мемлекеттік статистика жүйесіне өткізген екінші Жаһандық бағалауына сәйкес, қазіргі таңда Қазақстан статистикасының ұлттық жүйесі Орталық Азия және посткеңестік кеңістікте ең дамығандардың бірі болып табылады. Статистика күні қарсаңында газет тілшісі облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Жәдігерқызы Баекееваға жолығып, аймақтың әлеуметтік, экономикалық даму барысына қатысты бірнеше сауалдар қойған еді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қараша 2016 г. 1 019 0
“Ақбұлақ”. Ауыл. Ауыз су

“Ақбұлақ”. Ауыл. Ауыз су

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы мен оны кезең-кезеңімен жүзеге асырудың жолын көрсеткен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында елдің әлеуметтік ахуалын айтарлықтай жақсартудың межелері көрсетілген. Дамыған уақытқа сай тұрмысқа қажетті таза ауызсу, көгілдір отын, тұрақты электр энергиясы қолжетімді болуы тиіс.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қараша 2016 г. 1 352 0
Металлургия: Қаратаудың құрышы

Металлургия: Қаратаудың құрышы

Елбасы Жолдауында: «Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық принциптеріне негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасадық. Біздің моделіміз шетелдік инвестицияларды тартудағы мемлекеттің  белсенді роліне негізделген», деп атап көрсетті. Бұл батылдық пен ашықтық Сыр өңірінде де жаңа идеялардың жүзеге асуына бастама болды деп айтқанымыз жөн. Атап айтқанда, бұрындары негізінен ауыл шаруашылығы бағытындағы Қызылорда облысында тау-кен ісі, оның ішінде металлургия саласына батыл қадамдар жасалынды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қараша 2016 г. 764 0
«Балапан» - бақытты балалықтың бастауы немесе 100 пайыз жүзеге асқан бағдарлама

«Балапан» - бақытты балалықтың бастауы немесе 100 пайыз жүзеге асқан бағдарлама

Баланың бабы бақшада екені рас. Балабақшада баланы бағып қана қоймайды, тәрбиелейді. «Бала тәрбиесі бесіктен» деген ұлағатты сөз қазір де мәнін жойған жоқ. Балабақшада тәрбиеленген кез келген бала оқуға тез бейімделеді. Қабілет-қарымы да жоғары болады. Ойын ашық жеткізе білетін алғыр болып өседі. Рас, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының есігіне қара құлып салынып, балабақша ғимараттары жеке адамдардың меншігіне айналды. Бірақ, көп ұзамай бұл саладағы түйінді мәселелер кезең-кезеңімен өз шешімін таба бастады. Елбасы Үкімет пен жергілікті әкімдерде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беруді 100 пайыз қамту қажеттігіне орай тапсырма берді. Бұл орайда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісін кеңейту жұмысы алға қойылды. Сөйтіп, нәтижелі жұмыстар жүзеге аса бастады. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қараша 2016 г. 708 0