Баға тұрақтылығы бақылауда

Баға тұрақтылығы бақылаудаӨңірлік коммуникациялар орталығында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Б.Жаханов, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Орынбаев, облыстық статистика департаменті басшының орынбасары Г.Нұрқабылова бағаны тұрақтандыруда атқарылған шаралар туралы журналистерге айтып берді. 
Ресми статистикаға қарағанда, азық-түлік тауарларының жыл басындағы бағаларын қыркүйек айымен салыс¬тырғандағы индексі облыс бойынша – 104,4 пайызды (республика бойынша – 104,9 пайыз) құрап, респуб¬ликаның орташа көр¬сеткішінен 0,5 пайызға төмен болып отыр.
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының бағаларының тұрақ¬тылығы, нарықты молайту және баға өзгерістері орын алған жағдайда жедел шаралар қабылдау мақсатында облыс әкімінің төрағалығымен өңірлік штаб жұмыс жасайды. Өңірлік штаб құрамында арнайы мекеме, құқық қорғау орган басшылары бар.
Жыл басынан бері азық-түлік, азық-түлік емес тауарларының нарықтағы бағаларын тұрақтандыру, негізсіз өсуіне және жасанды тапшылықты болдырмау мақсатында облыс әкімінің төрағалығымен 4 рет жедел штаб мәжілісі, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыру үшін шаралар әзірлеу жө¬нін¬дегі облыстық жұмыс тобының 5 мәжілісі өткізіліп, мемлекеттік органдарға және аудан әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, өңірлік тұрақтандыру қорының комиссиясы тауар интервенцияларын жүргізу бойынша 9 рет отырыс өткізіп, тиісті шешімдер мен шаралар қабылданды.
Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және нарықта инфляция әсерін тежеу үшін тұрақтандыру қорына көкөніс өнімдерін фьючерстік келісім арқылы және басқа да қажетті азық-түлік тауарларын сатып алу интервенциялары арқылы жүргізіліп, 13 әлеуметтік сауда дүкенінде, әріптестік келісім негізінде «Аль-Асад» ЖШС-ның 17 сауда орнында сатылуда.Тұрақтандыру қорында 1980,6 тонна өнім бар (өсімдік майы – 0,9 т, қант – 167,5 т, шай – 0,004 т, күріш – 576,5 т, картоп – 618,2 т, жуа – 200 т, сәбіз – 150 т, ұн – 267,5 т).
Өңірлік тұрақтандыру қорын қалып¬тастыру жөніндегі комиссия 2016-2017 жылға барлығы 16,4 мың тонна азық-түлік өнімдерін сатып алуға шешім қабылдады. Оның ішінде 7832 тонна өнім трансферттік қаржы есебінен сатып алынады. Сондай-ақ, комиссия «Мирас» сауда үйі арқылы 2016-2017 жылдары 8607 тонна сиыр еті, картоп және көкөністер нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылуын қамтамасыз етеді.
Облыста азық-түлік тапшылығын болдырмай, нарықты молайту мақсатында «Мирас» сауда үйімен жасалған әріптестік келісім негізінде 2015 жылы 17792 тонна, 2016 жылы 12758 тонна өнім нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен сатылды. Әріптестік нәтижелі болғандықтан, келісім 2019 жылға дейін ұзартылды.
Жыл басынан Қызылорда қаласында 40 жәрмеңке өткізіліп, аймақ тауарөндірушілері 567 млн теңгеге 4987 тонна өнім сатты. Кестеге сәйкес аудандардың қатысуымен өтетін жәрмеңкелер 29 қазаннан бастап жыл соңына дейін жалғаспақ. 
Баға тұрақтылығын сақтау үшін 59 ірі сауда нысанымен меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы бар тауарларды 5-10 пайыздан асырмай сатуға қол жеткізілді. Негізсіз өсім болған жағдайда монополияларды реттеу органдары зерттеу жүргізіп, тиісті шаралар қабылдайды.
М.МЕРЕЙ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2016 г. 806 0