Статистика – өмір айнасы

Статистика – өмір айнасыҚазақстанның тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік статистиканы түбегейлі реформалау жүзеге асырылды. Осының негізінде салаға халықаралық стандарттар мен сыныптаулар, көрсеткіштердің жаңа жүйелері мен статистикалық байқаудың әдістері енгізілді.
БҰҰ Еуропалық Экономикалық комиссиясы халықаралық сарапшыларының мемлекеттік статистика жүйесіне өткізген екінші Жаһандық бағалауына сәйкес, қазіргі таңда Қазақстан статистикасының ұлттық жүйесі Орталық Азия және посткеңестік кеңістікте ең дамығандардың бірі болып табылады.
Статистика күні қарсаңында газет тілшісі облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Жәдігерқызы Баекееваға жолығып, аймақтың әлеуметтік, экономикалық даму барысына қатысты бірнеше сауалдар қойған еді.
– Баршамызға белгілі, кез келген мемлекет, кез келген ел сипаттамасы оның халық санының көрсеткішінен айқындалады. Қазіргі таңда облысымызда халық саны қанша және олардың гендерлік аспектідегі қатынасы қандай? Туу деңгейі бойынша Қызылорда облысы  нешінші орында? Облыс халқының өмір сүру ұзақтығы жайлы не айтар едіңіз?
– 2009 жылғы халық санағының қорытынды мәліметтері бойынша облыс халқының саны 678,8 мың адамды құрады. Үстіміздегі жылдың 1 мамырына облыс халқының саны 769,5 мың адамды құрап, 90,7 мың адамға немесе 113,3 пайызға көбейген. Қалада 336,7 мың (43,8%), ал ауылдық жерлерде 432,8 мың (56,2%) адам тұрады.  Гендерлік аспектіде 1000 еркекке 1001 әйелден келеді.  
2015 жылы 1000 тұрғынға есептегенде туу көрсеткіштері бойынша ең жоғары көрсеткіш Маңғыстау облысында – 31,38; ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында 14,38 болып тіркелген. Қызылорда облысы бесінші орында (26,06).
Соңғы он жылда Қызылорда облысы тұрғындарының  өмір сүру ұзақтығы 5,7 жасқа өскендігі байқалады (2006 жылы 66,2 жас болса, 2015 жылы 72,0 жасты құрады). Оның үстіне, ерлерге қарағанда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 8,5 жасқа жоғары.
– Үстіміздегі жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық жағ¬дайын  қалай сипаттар едіңіз?
– 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке өнеркәсіп өндірісі көлемі 10 пайызға азайды. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің өсім қарқыны бойынша облысымыз Маңғыстау облысынан кейінгі екінші орын алады (116,3%). Негізгі капиталға салынған инвестиция өткен жылдың деңгейіне қарағанда 83 пайыз немесе 125070 млн теңгені құрады. Жыл басынан жалпы көлемі 342,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдан 23 пайызға артты. Ауыл шаруашылығы  жалпы өнімдері 5,7 пайызға өсті, бөлшек сауда көлемі 3 пайызға азайды. Тасымалданған жолаушылар 11,3 пайызға көбейіп, жолаушылар айналымы 7 пайыз өсті.
–  Облыста өңдеу өнеркәсібінің үлесі қандай?
– Облыс экономикасы¬ның да¬муында өнеркәсіп өндірісі маңызды орын алады. Жалпы өнеркәсіп өндірісінде бұл көр¬сеткіш 1991 жы¬лы 83,8 пайыз, 2000 жылы 5,9 па¬йызды құрады. Бірнеше жылғы дағ¬дарыстан соң үкімет өң¬деу өнер¬кәсібіне қол-дау жасай бастады. Нәтижесінде  2016 жыл¬дың 9 ай¬ында өң¬деу өнеркәсібінің үлес сал¬мағы 19,0 пайызға жетті.
Қазіргі таңда облыста аралық және тұтыну тауарларын шығарумен 165 кәсіпорын айналысады, бұл барлық өнеркәсіп кәсіпорындарының тең жары¬мы.  Олар 2016 жылдың 9 айында  88 млрд теңгенің  өнімін өндірді, бұл өткен  жылдың 9 айынан 16,3 пайызға көп.
– Облыста құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Салаға жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану жағдайы қалай?
– Тұрғын үй құрылысы мен өнеркәсіп құрылы¬сының артуы құрылыс материалдары өндірісі көлемі¬нің  өсуіне әсер етті. Облысымыздан силикат және күйдірілген кірпіштер, кең көлемдегі темір бетон, қиыршық тастар мен ұсақталған тастар, әк тас, т.б құрылыс материалдары шығарылуда.
2016 жылдың 9 айында 184,1 мың текше метр табиғи құм, 577,8 мың текше метр қиыршық тас,51,3 мың тонна саз,  26,9 мың текше метр кірпіш, 153,3 мың тонна бетоннан жасалған құрылыс конструкциялары, 7322,6 тонна пластмассадан жасалған құбырлар, 57 тонна пластик есік терезе,16 мың тонна әк шығарылды.
– 2016 жылдың 9 айында облыста қанша ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді? Республикалық деңгейдегі жағдайымыз қалай? Мал саны туралы не айтасыз?
– 2016 жылдың 9 айының көрсеткіші бойынша салада 54,2 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 5,7 па¬йызға өскен. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 31,8 млрд теңгені, мал шаруашылығы – 22,0 млрд теңгені және қызметтер 0,4 млрд теңгені құрады. Ал республикада облысымыз басқа өңір¬лермен салыстырғанда  6-шы орында тұр. 2016 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша ірі қара мал саны облыс бойынша 279111 басты құрады.
– Өңірімізде жұмыссыз жастар саны және олардың арасында жұ¬мыссыздық деңгейі қанша болды?
– Жұмыссыз жастар саны 15-28 жас аралығында 2016 жылдың 2 тоқсанында 4897 адам, ал жұмыссыздығының деңгейі 5 пайызды құрады.
– Статистика есебі қай кезеңде болмасын мемлекет үшін маңызды орын алады. Осы орайда статистикалық есепті қандай түрде өткізуге бо¬лады?
– Статистикалық есепті электронды және қағаз түрінде өткізуге болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» реформасының 96 қадамы – Орта¬лық мемлекеттік органдардың статистикалық базалары мәліметтеріне онлайн – қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
2015 жылдың 1 ақпанынан бастап статистикалық қызметті, оның ішінде мәліметтерді жинауды автоматтандыру үшін «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттар жүйесі пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ИАЖ «е-Статистика» шеңберінде ҚР ҰЭМ Статистика комитеті www.stat.gov.kz сайтының «Респонденттерге/Статистикалық мәліметтерді электронды түрде қабылдау» бөлімінде орналасқан  АЖ «мәліметтер жинағы on-line режимі» жұмыс істейді. Аталған ақпараттық жүйе респонденттерге статистика органдарына  бармастан статистикалық есеп формасын электрондық қолтаңба арқылы толтыруына мүмкіндік береді. Бүгінгі күнге on-line режимде 54005 есеп қабылданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп.
– Мариям Жәдігерқызы, сіздерді кәсіби мереке¬леріңізбен құттықтай отырып, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.
Әңгімелескен
Ж.ӘЛМАХАНҰЛЫ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қараша 2016 г. 1 019 0