Тарихи құндылықтарды әлем тануы тиіс

Тарихи құндылықтарды әлем тануы тиіс

Кеше облыс әкімдігінде ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссия жанындағы Дүниежүзілік мұралар Ұлттық комитетінің отырысы өтті. Отырыста «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» сериялық трансшекаралық Дүниежүзілік мұралар номинациясы бойынша номинациялық құжаттама дайындау жөніндегі сараптамалық мәселелер қаралды. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Әсел Өтегенова, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра орталығының Азия-Тынық мұхит секциясының бағдарламалық маманы Лин Роланд қатысты. Сондай-ақ, жиында Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің ресми өкілдері мен облыс әкімдігінің ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері, ғалымдар болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қараша 2016 г. 640 0
Сегізінші форумда сенімді серіктестер

Сегізінші форумда сенімді серіктестер

Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы Сыр елі экономикасының өркендеуіне өз септігін тигізіп келеді. Жылына екі мәрте ұйымдастырылатын игілікті істің нәтижесінде облысқа түрлі қаржы ұйымдарынан 100 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылып, көптеген жобалар қолға алынды. Қараша айының 17-18-і күндері кезекті VIII форум өткізілгелі отыр. Форумға оннан астам шетелдік инвесторлар мен қаржы ұйымдарының өкілдері қатысады деп күтілуде. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар орталығында облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким мәлімдеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қараша 2016 г. 602 0
Қауіпсіздік шаралары қатаң сақталсын

Қауіпсіздік шаралары қатаң сақталсын

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібіндегі үш мәселенің алғашқысы, яғни, қысқы мезгілдегі төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Омар Бержановтың хабарламасы тыңдалды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қараша 2016 г. 669 0
Несие: қарыздан қалай құтылуға болады?

Несие: қарыздан қалай құтылуға болады?

Елімізде мер­зімі өт­кен кредиттер санының өсіп бара жатқанын қаржы мамандары жиі айтуда. Кейбір деректерге қарағанда 5 млн қазақстандықтың 4 трлн теңгеге жуық қарызы бар, проблемалық қарызы барлардың үштен екісі кредиторлардан қашып жүрген көрінеді. Мойынға салмақ бол­ған несиеден құтылу оны төлеп жүрген әрбір адамның арманына айналғаны аян. Несиені уақытынан бұрын жауып, қарыздан құтылудың қандай амалдары бар? Біз бүгін қаржылық сарапшылар ұсынған кеңестерді ықшамдап ұсынуды жөн көрдік.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2016 г. 4 699 0
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ

Кеше Қызылордада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының құрылғанына 10 жыл толуына орай «Тәуелсіздік және азаматтық қоғам: әлеуметтік жаңғыру» атты VІІ аймақтық азаматтық форум өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2016 г. 929 0
Инновациялық мектептер тәжірибесі

Инновациялық мектептер тәжірибесі

Қызылордаға жұмыс сапарымен келген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шамшидинова «Облыста жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудегі инновациялық мектептердің тәжірибесі» атты облыстық іс-шараға қатысты. Алдымен  «Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі» инновациялық мектеп мұғалімдерінің шеберлік сыныптар  негізінде жүргізілген секция жұмыстарын тыңдады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2016 г. 1 230 0
Озық тәжірибе өз жемісін беруде

Озық тәжірибе өз жемісін беруде

Мемлекет басшысының 2015 жылдың наурыз айындағы тапсырмасына орай «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін тарату мақсатында облыс әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымдары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, өңірімізде 22 инновациялық мектептер желісін құру жобасы қолға алынды. Осы орайда Қызылорда қаласы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» мен педагогикалық шеберлік орталығының филиалы, облыстық білім басқармасымен бірлесіп инновациялық білім беру ұйымдарына кәсіби қолдау көрсету жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізуде. Бір жарым жыл ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижесі «Қызылорда облысында жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудегі инновациялық мектептердің тәжірибесі» тақырыбындағы басқосуда кеңінен талқыланып, сараланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2016 г. 989 0

Тоғыз айдың толымды тірлігі

2013 жылдың желтоқсан айында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылдарға дейінгі стратегиялық жоспары бекітілген еді. Аталған жоспарға Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Сыр еліне келген сапарында қолдау білдірген болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2016 г. 605 0
«ҚазАгроҚаржының» елеулі үлесі

«ҚазАгроҚаржының» елеулі үлесі

Сыр елі – ежелден егіншілік пен мал шаруашылығын қатар дамытқан өңір. Сондықтан болар мұндағы не¬гізгі кәсіптің көзі осы саланың өркендеуімен тығыз байланысты. Жылма жыл Жер-анадан берекелі өнім жинай білген, төрт түлігін түлетіп, ыдысы ақтан арылмаған ата кәсібімізді өркендетуге қосып жатқан үлесі мол. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2016 г. 603 0
Ұрпақтар үндестігі

Ұрпақтар үндестігі

Жас мемлекетіміздің керегесін кеңейтіп, іргетасын нығайтуда әйел-аналарымыздың қосқан үлесі зор. Бүгінде қазақстандық әйелдер саясатта, билік басында, экономиканың барлық секторында, шаруашылықтың әртүрлі салаларында болсын ер адамдармен қатар еңбекке белсенді араласуда. Статистикаға сүйенсек, аймақтағы мемлекеттік органдағы 1547 қызметкердің 565-ін әйелдер екен. Аймақ әйелдерінің басым бөлігі денсаулық сақтау, білім беру, қаржы саласында жұмыс жасап, бүгінгі таңда облыстың өркендеп өсуіне ықпал етуде. Педагогтардың 73 пайызы, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің 87 пайызы, барлық мемлекеттік бюджет сала қызметкерлерінің 60 пайызы да әйелдердің үлесінде. Сонымен қатар, өңірімізде кәсіпкер әйелдердің саны артып келеді. Шағын кәсіп¬керлікпен айналысатындардың 80 пайызынан астамы әйелдер. Облыста 44  мыңнан астам көпбалалы аналар бар. Олардың 25 мыңнан астамы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2016 г. 944 0