«ҚазАгроҚаржының» елеулі үлесі

«ҚазАгроҚаржының» елеулі үлесіСыр елі – ежелден егіншілік пен мал шаруашылығын қатар дамытқан өңір. Сондықтан болар мұндағы не¬гізгі кәсіптің көзі осы саланың өркендеуімен тығыз байланысты. Жылма жыл Жер-анадан берекелі өнім жинай білген, төрт түлігін түлетіп, ыдысы ақтан арылмаған ата кәсібімізді өркендетуге қосып жатқан үлесі мол. 
«Біздің ел экономикасының екі басым бағыты бар. Бұл – индустриялық және аграрлық салалар. Ауыл шаруашылығы қашанда ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші саланың бірі болған, солай болып қала береді де. Мен оған кәміл сенемін», - деген еді, Елбасы Н.Назарбаев. Тәуелсіздікпен бірге ауыл шаруашылығын дамытудың тың жолдары қолға алынып, шынайы қамқорлықты сезінген  ауыл еңбеккерлері «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы алынған соны ауылшаруашылық техникаларымен қар¬қынды еңбектеніп, жетістіктерге қол жеткізіп келеді.
«ҚазАгроҚаржы» Акционерлік қоғамы – еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың қаржы операторы. 17 жылдан астам уақыт компания ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарына қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы Елбасының алға қойған міндеттерін айқын орындап келеді.
Қазақтың ата кәсібі – мал мен егін. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп, жалғасын тауып келе жатқан бұл сала бүгінде өзіндік даму жолына түсті. Әрине, ауыл шаруашылығы саласының мұндай деңгейге көтерілуіне мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау мен көмектің тигізіп отырған әсері де орасан зор. Соның ішінде Елбасы тапсырмасына орай құрылған «ҚазАгро» ұлт¬тық басқару холдингі акционерлік қоғамының атқарып отырған қызметі ұшан-теңіз. Құрылғанына он екі жыл толған осы қоғамның Қызылорда облыстық филиалы да агроөнеркәсіп саласын кешенді түрде дамытуға қаржы  салып, жаңа техникалармен қамтамасыз етуде ауқымды жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Осы орайда біз «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалының директоры Оразбек Қарақожаевты әңгімеге тартқан едік.
– Оразбек Файзуллаұлы, халықтың асыраушы сала¬сына айналған ауыл шаруашылығы өте күрделі сала. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары ол нарықтың небір ауыртпалықтарын бастан өткерді. Шүкір, бүгінде сол қиындықтардың барлығы артта қалды. Бұл саланың аяғынан тік тұрып кетуіне компанияларыныздың қосып отырған үлесі аз емес.
– Әлбетте. Ауыл – исі қазақпын деген әрбір аза¬мат үшін алтын бесік. Сондықтан да ауылды дамыту әрбіріміздің абыройлы міндетіміз саналады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалы жұмыс істей бастағалы бері ауыл шаруашылығын дамы¬ту мақсатында облысқа жалпы көлемі 20 мил¬лиард¬тан астам теңге инвестиция салды. Соның ішін¬де осы жылдары 1600-ға жуық түрлі ауыл ша¬руа¬шылығы техникаларын сатып алып, оларды об¬лыс шаруашылықтарына тараттық. Тек биылдың өзінде ауылдағы ағайындардың сұранысына орай 88 дана техника алуға 2906 млн қаржы бөліп, шаруашылықтардың еңбек өнімділігін арттыруға дем бердік. Бұндай жұмыстар қазіргі күні де жалғасын табуда.
– «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыста бірқатар маңызды жобалар жүзеге асыруға атсалысты. Сол жобалар жөнінде де айта отырсаңыз.
– Жалпы бүгінге дейін біздің қызметімізді облыстағы 121 серіктестік пен шаруашылық құрылымдары пайда¬ланып келеді. Солардың ішінде Қазалы ауданындағы «Рза» акционерлік қоғамының орны бөлек. Бұл қоғам 2 млрд теңге қаржы алып, тауарлы сүт кешенін салды. Оған қажетті барлық қондырғылар Еуропа елдерінен алынды. Сөйтіп кешенді толыққанды жұмыс жасау мақсатында Венгрия елінен 660 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы сиыр әкелінді. Қазір бұл малдар өз төлі есебінен көбейіп, жобада көрсетілгендей ет, сүт және сүт өнімдерін тұрақты түрде өндіріп келеді. Олардың өнімдері республикамызға кеңінен таралып, халықтың ыстық ықыласына бөленуде. Мұнан басқа, өңіріміздегі «Абзал және К», «Сыр маржаны», «Жаңажол», «Шаған Жер», «Мәді қажы», «Тұрмағамбет» және тағы басқа ірілі-ұсақ шаруашылық құрылымдары да миллиондаған теңге көлемінде қаржы алып, егін шаруашылығын дамыту мен оған қажетті құрал-жабдықтар мен қондырғылар алуға қол жеткізді. Орайы келгенде айта кету керек, бұл шаруашылықтардың барлығы тұрақты жұмыс істеп келе жатқан серіктестіктер. Жалпы, біз инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруда 15 бағыт бойынша жұмыс істейміз. Сондай-ақ, «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландыруды да жүзеге асырамыз. Бұл жөніндегі субсидиялаудың сыйақы мөлшері 7 пайызды құрайды. Ал инвестициялық субсидия жобаның сомасына қарай 20-дан 50 пайызға дейін өтеледі. Биылдың өзінде 40 шаруашылық қызметімізді пайдаланды. Компанияның қызмет көрсету аясы сұранысқа орай кеңейіп жатыр.
Негізі «ҚазАгроҚаржы» АҚ шаруашылықтарға лизингке шетелдік комбайндар мен жаткаларды, тракторлар мен басқа да техникаларды және оларға қажетті тіркемелерді, соқа мен тұқым және тыңайтқыш сепкіштер секілді техникаларды алуға көмек көрсетіп келеді. Мұнан басқа ет өңдеу кешендерін құру мен көкөніс, астық сақтау қоймаларының құрылысы мен оларды жаңғырту, мал бордақылау алаңдары мен мал сою пункттері, құс фабрикасын салу, жылыжай шаруашылықтары мен ауыл шаруашылықтары техни¬каларын құрастыру, тамшылатып суару мен жүн өңдеу секілді инвестициялық жобаларды да қаржыландырады.
Айта кететін жайт, күріш консорциумының құ¬ры¬луы¬мен өңірімізге мелиоративтік техникаларды әкелу жұмыстары жандана бастады. Осы мақсатта біздің облыс үшін мелиоративтік техникаларды алуға арнайы бағдарлама бекітілген болатын. Соның арқасында қазір жерді тегістеуші лазерлік техникалар, экскаваторлар мен тракторлар алуға қол жеткізілді. Бұған дейін шаруашылықтар негізінен егін саласына қажетті техникаларға сұраныс жасап келсе, енді соңғы үш жылдан бері мал шаруашылығына қажетті техникаларды да көптеп алуда.
– Мұнан басқа, алдағы уақытта облыста қандай маңызды жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр және қанша инвестициялық жобалар қаржыландырылды.
– 2005-2015 жылдар аралығында 11 инвестициялық жоба қаржыландырылды. Оларға 4472 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 3 жобаға, күріш өңдеу және тазалау құрылғыларын алуға 353,9 млн қаржы бағытталды. Сонымен қатар, балық өңдеу, тауарлы балық шаруашылығына қажетті шикізаттар жобасына, 4 бордақылау алаңдарын салу, кеңейту, МТФ құру жобалары компания демеуімен қаржыландырылып, жұмыс істеп жатыр. Қазір «Дөйт» шаруа қожалығының күріш өңдеу зауытының жобасы қаралу үстінде. Жоба бойынша зауыт сағатына 5 тоннаға дейін күріш ақтайтын болады. Сонымен қатар, «Асылхан» шаруа қожалығының шағын сүт өңдеу зауытына құрылғылар алу жобасы мақұлданып, бүгінде зауытта монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Мұнан бөлек, аймақ экономикасын көтеруге үлес қосатын жаңа жобалар болса, біз оларға көмек көрсетуге әзірміз. Әрі бұл біздің міндетіміз де.
Ауыл шаруашылығы – әлемнің өркениетті 30 ме쬬лекетінің қатарына көш түзеген еліміздің даму бағытындағы басымдыққа ие сала. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауларында ауыл шаруа¬шылығы кешенін дамыту жөнінде айтып келеді. «ҚазАгро» Ұлттық Холдингінің құрамына енетін «ҚазАгроҚаржы» – Президенттің осы тапсырмасын жүзеге асыруды қарқынды түрде қолға алып келе жатқан құрылым. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық, техникалық қолдау көрсетуге маманданған ірі орталық. 
Өрелі істерімен ерекшеленіп, аймағымыздың даму тарихында өзіндік орнын қалыптастырып үлгерген компания табысы Елбасының қолдауының және Сіздер мен біздердің бірлесе атқарған тынымсыз тірлігіміздің нәтижесі, халықтың артқан мол сенімінің жемісі. Біздің міндет – Елбасы саясатын ел мүддесіне сай жүзеге асырып, өнімді еңбек ету, өз мүмкіндігімізді толығымен пайдаланып, аймағымызды одан әрі қарқынды дамыту. 
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2016 г. 603 0