Инновациялық мектептер тәжірибесі

Инновациялық мектептер тәжірибесіҚызылордаға жұмыс сапарымен келген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шамшидинова «Облыста жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудегі инновациялық мектептердің тәжірибесі» атты облыстық іс-шараға қатысты. Алдымен  «Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі» инновациялық мектеп мұғалімдерінің шеберлік сыныптар  негізінде жүргізілген секция жұмыстарын тыңдады.
 Мұнан кейін қала орталығындағы инновациялық жобалармен жұмыс жасайтын мектептердің жұмысымен танысты. Бірінші кезекте  К.Шамшидинова бастаған топ аудан, қала мектептерінің басшылары және облыстық білім басқармасының мамандары №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына барды. Онда мектептегі білім берудегі үштілділікті кезең-кезеңімен енгізу тәжірибесін және оқу ордасының техникалық базасын көрді. Оқушылардың сабақтарына қатысып, мұғалімдердің жетістіктері мен шығармашылығына арналған педагогикалық тәжірибелеріне қанықты. Сонымен бірге бұл мектеп үздік білім орны ретінде облыс әкімінің арнайы 17 млн теңге жүлдесін иемденген болатын. Өз кезегінде Күләш Ноғатайқызы қажетті кеңестерін де беріп, тәжірибе бөлісті. Одан әрі меймандар №11 мектеп-лицейіне аялдады. Мұнда оқушылардың БҰҰ ДБ-ның қолдауы арқасында жылыжай ашып, онда көкөністер өсіруде. Сондай-ақ, оқушылардың қызығушылығынан туындаған құстар бағын, ғылыми жұмыстарына арналған көрмені тамашалады.
Инновациялық жобалармен жұмыс жасайтын мектептердің жұмысымен танысу шарасы №264 мектеп-лицейінде қорытындыланды. Оқушылардың оқу жетістіктері мониторингін ата-аналардың онлайн арқылы қадағалау тәжірибесіне мән беріп, оң бағалады.
Сара АДАЙБАЕВА.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2016 г. 1 230 0