Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облысқа жұмыс сапары барысында Сырдария өзенінің сол жағалауында салынып жатқан ғимараттарды көзімен көріп, жергілікті құрылысшылармен кездесті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қазан 2017 г.
431
0
Мемлекет басшысы Сыр өңіріне жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласында салынып жатқан шыны зауытының жұмысымен танысып, аймақтың іскер азаматтарымен кездесті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қазан 2017 г.
545
0
Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс сапарымен Сыр өңіріне келді. Мемлекет басшысын облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Байқоңыр әуежайында күтіп алды. Елбасы алдымен «Байқоңыр» кешені мен жұлдызды қаланың даму жоспарымен танысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 қазан 2017 г.
3 459
0
Қызылорда қаласындағы өнеркәсіппен айналысатын кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысу мақсатында баспасөз туры ұйымдастырылды. Алдымен журналистер Тасбөгет кентінде орналасқан «Нұр Строй ЛТД» ЖШС-ның жұмысын көрді. Зауыт өндірістік, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы құрылысына арналған өнімдер мен электр желісіне темір-бетон бағаналары, жол, тротуар тақталары және бетонның сан түрлі өнімін шығарып келеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 қазан 2017 г.
932
0
Патриотизм Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Ол үшін туған топырақ тарихын зерделеу қажет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда жарияланған мақаласында да ел тарихынан сыр шертер тарихи кітаптар мен жазбаларды көбейту, мұражайлар мен зерттеу орталықтарының қорын байытып, өлкетану бағытындағы “Туған жер” бағдарламасын қолға алу ұсынылды. Оны барша қазақстандық қолдап-қуаттады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 қазан 2017 г.
868
0
Туған топырақ туралы айтылғанда, әсем де көркем Қызылорданы мақтанышпен ойға аламыз. Қарт Қаратау мен Қызылқұмның жиегін жағалай аққан Сыр-Ана сонау Аралға жетіп тыныс табады. Тоғыз жолдың торабын түйістіріп, жаугершілік заманда халқына қорған болған шаһар қазір өндірісі өркендеп, экономикасы дамыған өңірге айналды. Екі ғасырға жуық тарихы бар іргелі қаланың өткеніне бір сәт көз жүгіртіп, бүгінін, бағдарлы болашағын бағамдар болсақ, айтар сөз көп.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 қазан 2017 г.
1 025
0
Бүгінде кәсіптің көзін тауып шаруасын дөңгелентіп отырған кәсіпкерлер қатары артып келеді. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге жасалатын қолдау көп. Сондай кәсіпкерлердің бірі – Айдос Сайлығараев. Ол – Қызылорда қаласындағы тәтті өнімдерін шығаратын кәсіпорын басшысы. Жеке кәсіпкер 2003 жылдан бастап кәсібін қолға алып, еңбекке ерте араласады. Ізденімпаз, еңбексүйгіштік қасиетінің арқасында «Дастархан» асханалар желісін ашты. Мұнан кейін «Cofeе do» кофеханасы мен «Браунис» кондитерлік цехын іске қосады. Біршама уақытты араға салып жаңадан «Браунис» кондитерлік дүкен кофеханасын ашып, тағы бір өзгеріс әкелді. Жалпы, бұл кәсіпкердің «Браунисі» қаладағы алтыншы кәсіпкерлік нысаны.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 қазан 2017 г.
1 646
0
Облыстың аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылып жатыр. Сырдария өзенінің сол жақ жағалауының газ таратушы желілерін салу жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу үшін 2017 жылға облыстық бюджеттен 12,2 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.– Биыл облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы Қызылорда 2 АГТС-нен тартылатын газ құбырынан Белкөл кентін газдандыру үшін 378,8 млн теңге қаржы қаралды. Қала іргесіндегі кентті газдандыру жұмыстары сәуір айынан басталып, бүгінде 20 шақырым газ құбыры жүргізілді. Осы жылы қараша айында кент тұрғындары «көгілдір отынды» пайдалана бастайды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқан «СК Орда құрылыс» серіктестігі. Сәуір айында басталған жұмыстардың 80 пайыздан астамы бітті. Қазан айының аяғына дейін жұмыстарды аяқтау күтілуде. Ал қараша айынан бастап көгілдір отынды беруді жоспарлап отырмыз, – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, газ инфрақұрылымын дамыту және қауіпті өндірістік нысандарды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы Мадияр Сәдуақасұлы.Белкөл кентіне 2 шкафты газ реттеуші пункттер қойылмақшы. Осы құрылғылар арқылы 600-ден астам жер үйлерге газ беріледі. Ал, көппәтерлі үйлерге газ шүмектері орнатылып, тұрғындар өзара келісіп, кіргізіп алуларына қолайлы жағдай жасалынған.Соңғы жылдары аймақта қарқын алған газдандыру ісі биыл да бәсеңдемейді. Жосалы кентінде АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысын жүргізу үшін 2017 жылға республикалық бюджеттен 500 млн, облыстық бюджеттен 55,6 млн теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда, мердігер мекемелермен келісім-шарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 қазан 2017 г.
633
0
Сыр өңірінің барлық аймағы тас жол мен темір жолдың бойында орналасқан. Облысымыздың қай ауданына барсаңыз да, осы жолдарды пайдалана аласыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 қазан 2017 г.
564
0
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығымен елімізде «Еңбек күні» мерекесі белгіленіп, ол қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтіліп келеді. Бұл мейрам Мемлекет басшысының «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын» құру туралы идеяларының шеңберінде өндіруші еңбекті күшейтуге және еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруға, өндірістік қызметтерді ынталандыруға, жұмысшы мамандықтарды насихаттау мен көпжылдық еңбек дәстүрлерін нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, жұртшылықты еңбек ұжымдарының тыныс-тіршілігімен таныстырып, озаттары мен үздіктерінің ізгі жолын, еңбек әулеттерінің өнегелі істерін көпке үлгі ету, сол арқылы адамдарды еңбекке баулып, ынтасын арттыру көзделген.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 қазан 2017 г.
1 332
0