« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Туған топырақ туралы айтылғанда, әсем де көркем Қызылорданы мақтанышпен ойға аламыз. Қарт Қаратау мен Қызылқұмның жиегін жағалай аққан Сыр-Ана сонау Аралға жетіп тыныс табады. Тоғыз жолдың торабын түйістіріп, жаугершілік заманда халқына қорған болған шаһар қазір өндірісі өркендеп, экономикасы дамыған өңірге айналды. Екі ғасырға жуық тарихы бар іргелі қаланың өткеніне бір сәт көз жүгіртіп, бүгінін, бағдарлы болашағын бағамдар болсақ, айтар сөз көп.
Тарихи деректерге сүйенсек, 1924 жылы елдің астанасын Орынбордан көшіру туралы мәселе қойылған. Негізгі себеп – Орынбор тұрғындарының басым бөлігі орыстар болуы және оның алыс шалғайда орналасуы еді. Сол кезде қазақ зиялылары астананың ауысуы төңірегінде қызу пікір таластырды. Бірі астана Ақтөбе болу керек десе, енді бірі Әулиеатаны ұсынды. Осылай, бірнеше қаланың аты аталды. Ақыры 1925 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитеті астананы Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім шығарды. Өйткені, қала “Орынбор-Ташкент” теміржолының бойында орналасқан болатын. Қысқасы, сырбойылықтардың өмірінде елең етер өзгеріс осы тұста орын алды. 1922 жылы қалаға Ақмешіт атауы беріліп, үш жылдан кейін ол қайта Қызылорда деп өзгертілді. Қазақ АКСР астанасы болды. Еліміз бойынша алғашқы рет біздің өңірде Қазақ драма театры ашылып, М.Әуезовтің “Еңлік Кебек” пьесасы сахналанды. XX ғасырдың 30 жылдары қалада электр станциясы, диірмен, наубайхана, балық өңдеу, күріш, кірпіш зауыты жұмысын бастады.
Жауһар қала Астанаға қарап бой түзеген Қызылордада бүгінде құрылыс қарқынды жүргізілуде. Қалада көз сүйсінер зәулім ғимараттар ел игілігіне беріліп, демалыс орындары көбейді. Сырдария жағалауынан рухыңды көтерер Рәміздер алаңы мен Тәуелсіздік даңғылы қолданысқа берілді. Ұзындығы 7 шақырымды құрайтын Тәуелсіздік даңғылы дамудың нақты нышаны іспетті. Сұлтан Бейбарыс көшесінен бастау алып, Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі аралықты қамтитын жолда қызылордалықтар өзенді жағалай жүріп, әсем жағалауды тамашалауға мүмкіндік алды. Даңғыл бойында дарияның оң және сол жағалауын жалғайтын үлкен көпір бар. Шығыстық үлгіде жаңғырған сол жағалау ауқымды құрылыс алаңына айналды.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |