« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгінде кәсіптің көзін тауып шаруасын дөңгелентіп отырған кәсіпкерлер қатары артып келеді. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге жасалатын қолдау көп. Сондай кәсіпкерлердің бірі – Айдос Сайлығараев. Ол – Қызылорда қаласындағы тәтті өнімдерін шығаратын кәсіпорын басшысы. Жеке кәсіпкер 2003 жылдан бастап кәсібін қолға алып, еңбекке ерте араласады. Ізденімпаз, еңбексүйгіштік қасиетінің арқасында «Дастархан» асханалар желісін ашты. Мұнан кейін «Cofeе do» кофеханасы мен «Браунис» кондитерлік цехын іске қосады. Біршама уақытты араға салып жаңадан «Браунис» кондитерлік дүкен кофеханасын ашып, тағы бір өзгеріс әкелді. Жалпы, бұл кәсіпкердің «Браунисі» қаладағы алтыншы кәсіпкерлік нысаны.
Өткен жылы кәсіпкер әлемдік деңгейдегі тәжірибелі германиялық сарапшының көмегімен өнім түрін көбейту және сапасын жақсарту мақсатында жұмыс жасады. Сонымен бірге жеке кәсіпкер кәсіпорынның өндіріс технологиясын жақсарту үшін «Прэко Қызылорда» консалтингтік компаниясымен Даму қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кеңесшілерінің көмегімен Германиядан SES эксперт шақыртты. Тәжірибе алмасты. Мамандардың қабілетін арттырып, жаңа өнім түрлерін шығаруды үйретті.
Жас кәсіпкер үнемі жаңашылдыққа бағыт алып, үздік технологияларды да тиімді пайдаланып келеді. Қаладағы 150-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Тәулік бойы жұмыс жасайтын «Браунисте» тұтынушылар үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Айдостың айтуынша, тынымсыз еңбектің арқасында кез келген жетістікке жетуге болатынын, сонымен бірге үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыру маңызды рөл атқарады екен. Iскер кәсіпкер мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да үлкен жобаларын жүзеге асыруды көздеп отыр. Соның бірі – биылғы жылдың аяғында Алматы қаласынан, келер жылы Астана қаласынан «Браунис» нүктесін ашу. Ал, болашақта Қазақстаннан өзге сырт елдерге өнімдерін экспорттауды жоспарлап, осы бағытта еңбек ете беретінін жеткізді. «Еңбектің наны тәтті» деп тегін айтылмаған. Маңдай термен, адал жолмен шаруасын дөңгелентіп отырған кәсіпкер еңбек етіп, жемісін көрген жандарды үлгі тұтады.
Сара АДАЙБАЕВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |