« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жуырда Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Белкөл кентін газдандыру жұмыстарымен танысты. Шара аясында тілшілерге аймақтағы газдандыру жұмыстарының барысы баяндалды.
Облыстың аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылып жатыр. Сырдария өзенінің сол жақ жағалауының газ таратушы желілерін салу жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу үшін 2017 жылға облыстық бюджеттен 12,2 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
– Биыл облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы Қызылорда 2 АГТС-нен тартылатын газ құбырынан Белкөл кентін газдандыру үшін 378,8 млн теңге қаржы қаралды. Қала іргесіндегі кентті газдандыру жұмыстары сәуір айынан басталып, бүгінде 20 шақырым газ құбыры жүргізілді. Осы жылы қараша айында кент тұрғындары «көгілдір отынды» пайдалана бастайды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқан «СК Орда құрылыс» серіктестігі. Сәуір айында басталған жұмыстардың 80 пайыздан астамы бітті. Қазан айының аяғына дейін жұмыстарды аяқтау күтілуде. Ал қараша айынан бастап көгілдір отынды беруді жоспарлап отырмыз, – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, газ инфрақұрылымын дамыту және қауіпті өндірістік нысандарды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы Мадияр Сәдуақасұлы.
Белкөл кентіне 2 шкафты газ реттеуші пункттер қойылмақшы. Осы құрылғылар арқылы 600-ден астам жер үйлерге газ беріледі. Ал, көппәтерлі үйлерге газ шүмектері орнатылып, тұрғындар өзара келісіп, кіргізіп алуларына қолайлы жағдай жасалынған.
Соңғы жылдары аймақта қарқын алған газдандыру ісі биыл да бәсеңдемейді. Жосалы кентінде АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысын жүргізу үшін 2017 жылға республикалық бюджеттен 500 млн, облыстық бюджеттен 55,6 млн теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда, мердігер мекемелермен келісім-шарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
Н.САҒАТҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |