БОЛАШАҒЫ БЕРІК БІЛІМ ОРДАСЫ

БОЛАШАҒЫ БЕРІК БІЛІМ ОРДАСЫ

Егемен еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін оқытудың түрлі тәсілдерін қолдана отырып, білімді де ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне зор мән берілуде. Елбасы Н.Назарбаев "Қазақстан-2050 Стратегиясы” мен халыққа арнаған Жолдауында Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осы талап негізінде жұмыс жасап отырған облысымызға танымал білім ордаларының бірі – Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі. Бұл оқу орны 2001 жылдан бері кәсіби мамандар дайындап келеді. 
ҚОҒАМ 05 сәуір 2014 г. 1 385 0

БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Көктем жетісімен диқан қауым қарбалас тіршілігін бастап та кетті. Биыл Қазалы ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарын 17 580 га жерге орналастыру межеленген. Нақты кезеңде егіс жұмыстары пәрмен алуда. Әсіресе, «Рза-Агро» ЖШС қарқыны мақтауға лайықты. Олар 500 га жерге арпаны толықтай егіп үлгерді. Сондай-ақ, жоңышқа себуде өзгелерге үлгі болуда. Қашанда игіліктің көшін бастап жүретін «рзалықтардың» аяқ алыстары бөтен емес. Ал, бидай егуде «Жалаңтөс» серіктестігінің шоқтығы биік. 
ҚОҒАМ 05 сәуір 2014 г. 1 317 0

ЖАРҚЫН ЖОБАЛАРДЫҢ ЖЕМІСІ

Елбасымыз биылғы Жолдауында Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуын басты мақсат етіп қойды. Егеменді еліміздің экономикасы артып, саяси тұрақтылықтың салтанат құруына ауыл-аймақтың қосар үлесі да қомақты. Осыған орай Жалағаш ауданында өткен жылы алынған асулары мен биылғы жылы шығар белестерін сарапқа салуды жөн көрдік. Өйткені, Елбасы Жолдауы жарқын жобаларға бастандырмақ.
ҚОҒАМ 05 сәуір 2014 г. 963 0

ТӨЛЕМДЕР МӨЛШЕРІ АРТТЫ

Облыс бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментi басшысының орынбасары Т.Жолымбетовтiң хабарлауынша, 2014-2016 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджете зейнетақы төлемдерінің мөлшерін осы жылдың  басынан бастап арттырылғанын қоса есептегенде,  базалық зейнетақыны 12% - ға дейін,  еңбек зейнетақыларын 14 %-ға дейін  арттыру көзделген. 
ҚОҒАМ 05 сәуір 2014 г. 1 139 0

ЖЕР ҚОЙНАУЫ ҚАЗЫНАСЫН БАРЛАУ

Геологиялық барлау жасайтын ықтимал инвесторларды біздің облыста не күтіп тұр? Бұл жөнінде "Оңтүстікқазжерқойнауы” өңіраралық департаменті мемлекеттік мекемесінің Қызылорда аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының басшысы Шахизат Қалбергеновпен әңгіме құрған едік. 
ҚОҒАМ 05 сәуір 2014 г. 1 447 0

АРЫСТАЙ АЗАМАТ ТӨСЕГІНДЕ ҚОР БОЛЫП ЖАТЫР

«Балдаққа сүйеніп тұра алсам, аяғымды кессе де ризамын», дейді редакцияға хат жазған Дайырбек Нарымбетов. Өз дене мүшесін құрбан етер мұндай жанкешті сөз адамның аузынан оңайлықпен шыға қоймайды, айналадан әбден түңілген, шыбын жаны қиналған кісінің жанайқайы бұл. Қылшылдаған қырық жастың қырқасына іліне бере осы сұмдыққа жол-көлік апатының салдарынан тап келді ол. Жаңақорған кентінде тұратын кейіпкеріміз құрылыс жұмыстарын атқару арқылы нәпақасын айырып жүр еді, төрт баласына нан тауып беремін деп шапқылап жүргенінде осы сорға кезікті, сонда, сол аяғы төрт, сол қолы үш жерінен сыныпты. Бөлшектене сынған сүйектердің кейбірі сол апат болған жерде қала бергендігін де кейін білді.
ҚОҒАМ 05 сәуір 2014 г. 957 0

ОҚЫРМАН ХАТТАРЫ

Мұғалім, оның үстіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болғасын  балалардың ана тіліне, ұлт әдебиетіне деген  көзқарасына назар аударасың. Бүгінгі  мектеп оқушысына өкпе жоқ. Заманына қарай адамы дегендейін, заманауи техникаларды тез меңгереді, қайда не бар, тауып алады. Алғырлығына кінә таға алмайсың, алайда әдеби кітап оқу турасына  келгенде шәкірттермен арада реніш туындайды. 
ҚОҒАМ 05 сәуір 2014 г. 1 141 0

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕ!

Ел болып еңсеңімізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, әлем назарына іліккенімізге де жиырма үш жылдай уақыт өтіпті. Тарих беттерін парақтар болсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем сахнасында дербес мемлекет ретінде танылып, әлемнің дамыған елдерімен терезесін теңестіріп, иығын тірестірген болашағы кемел елге айналдық. 
ҚОҒАМ 05 сәуір 2014 г. 1 075 0
ТАЗАЛЫҚТА ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІЛІГІ БӘСЕҢ

ТАЗАЛЫҚТА ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІЛІГІ БӘСЕҢ

Баршамызға белгілі болғандай наурыздың 15 жұлдызынан бастап аймағымыздың барлық жерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыруға байланысты екі айлық жарияланған болатын. Облыс әкімінің өкімімен қолға алынған тазалық жұмыстарының қарқыны бүгінде бәсең жүргізілуде. Бұл туралы баспасөз орталығында өткен жиында ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін  атқарушы Мэлс Жұбатқанов мәлімдеді. 
ҚОҒАМ 03 сәуір 2014 г. 976 0

ТАЗА АУА ЖҰТҚАНЫҢ – ТАЛАЙ ҒҰМЫР ҰТҚАНЫҢ

Қазалыда тазалық шаралары жүйелі ұйымдастырылған. Көше бойларында күрек, сыпырғыш, басқа да құралдар ұстағандарды жиі жолықтырдық. Қазалы қаласында бірнеше ұлттың өкілдері тұрады. Тұрғындары тазалық сақтауға, бау-бақша өсіруге барынша мән береді. Рахметулла Ізтілеу басқаратын ветеринарлық стансаның қызметкерлерін көше бойынан кездестірдік. Олардың епті қимылдары шаруақор жанның кейпін аңғартады. «Уақыт өткізу үшін емес, қаламыздың көркеюіне үлес қосуға келдік» дейді ұжым мүшелері. Сондай-ақ №95 мектеп, қалалық мәдениет үйі, «Ақерке» балабақшасы, жүйке аурулары интернаты белсенділік танытты.
ҚОҒАМ 03 сәуір 2014 г. 984 0