Облыс бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментi басшысының орынбасары Т.Жолымбетовтiң хабарлауынша, 2014-2016 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджете зейнетақы төлемдерінің мөлшерін осы жылдың басынан бастап арттырылғанын қоса есептегенде, базалық зейнетақыны 12% - ға дейін, еңбек зейнетақыларын 14 %-ға дейін арттыру көзделген.
Осыған байланысты, «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, зейнетақыны есептеу үшін қолданылатын табыстың шамасын ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 39-дан 41 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейту бөлігінде, өзгерістер енгізілді.
Бұл зейнетке ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кейін шығатын адамдардың зейнетақысын, зейнетке бұған дейін шыққан адамдардың зейнетақы төлемімен теңестіруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні республика бойынша зейнеткерлердің саны 1,9 млн. адам, олардың зейнетақысын арттыруға қосымша қаржы қажеттілігі – 40,6 млрд. теңгені құрайды.
Мысалы, 2013 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері – 19066 теңге, оған 9330 теңге базалық зейнетақы төлемімен қоса барлығы 28396 теңгені құраған. 1 сәуірден бастап ең төменгі зейнетақы 19066*1,14% =21736 теңге, оған 9330*1,12 =10450 теңге базалық зейнетақы төлемімен 32186 теңге. 2013 жылмен салыстырғанда 3790 теңгеге көбейді.
Өткен жылғы орташа зейнетақы мөлшері – 41094 теңге, оған 9330 теңге базалық зейнетақы төлемімен 50424 теңгені құраған. Сәуірден бастап 41094*1,14% =46848 теңге, оған 9330*1,12 теңге=10450 теңге базалық зейнетақы төлемімен қоса барлығы 57298 теңге. Өткен жылмен салыстырғанда 6874 теңгеге көбейді.
Ең жоғарғы зейнетақының мөлшері 2013 жылы 39 айлық есептік көрсеткіштің 75%-дан аспауы тиіс. 1731*39=67509 *0,75=50632 теңге, оған 9330 теңге базалық зейнетақы төлемімен 59962 теңгені құраған.
Ал 2014 жылы ең жоғарғы зейнетақының мөлшері 41 айлық есептік көрсеткіштің 75%-дан аспауы тиіс – (1852*75%=75932*0,75)=56949 теңге, оған 9330*1,12 теңге=10450 теңге базалық зейнетақы төлемімен қоса барлығы 67399 теңге. Өткен жылмен салыстырғанда 7437 теңгеге көбейді.
«Мүгедектігі, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақыларды 2014 жылдың 1 сәуірінен 12%-ға дейін, 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25%-ға арттырылуын көздейтін өзгерістер қарастырылып отыр.
Көрсетілген екі жылда жоспарланып отырған жәрдемақыны арттырулар оның мөлшерін 2013 жылмен салыстырғанда 50%-ға өсуін қамтамасыз етеді.
Мысалы, егер бірінші топтағы мүгедек 2013 жылы 25 378 теңге алған болса, 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап 28352 теңге, ал 2015 жылғы 1 шілдеден бастап оның жәрдемақысы 38 028 теңгені құрайды.
Республика бойынша осылайша төлемдерді арттыру 650 мың адамды қамтиды, ағымдағы жылға қосымша қажеттілік 6,3 млрд. теңгені құрайды.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап басқа да әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 12%-ға дейін арттыру көзделді. Азаматтардың жекелеген санаттарына арналған №1 және №2 тізімі бойынша берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылары, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылары, соғыс ардагерлері мен мүгедектері және жалпы азаматтардың 20 санаты бойынша, бүгінгі күні арнаулы мемлекеттік жәрдемақы жәрдемақылардың мөлшері 12%-ға дейін арттырылды (республика бойынша 1 млн. алушылардың жәрдемақысын арттыруға қосымша 4,8 млрд. теңге көзделеді).
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін балалар жәрдемақысы және атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері өсті. 386 мыңдай отбасына берілетін бұл жәрдемақылардың мөлшерін арттыру үшін қосымша 2,8 млрд. теңге талап етіледі. Семей сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақыны 3 мыңға жуық адам алады, қосымша қаражаттың көлемі 1,7 млн. теңгені құрайды.
Осылайша, 2014 жылға нақтыланған республикалық бюджеттен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді арттыруға қосымша 51,3 млрд. теңге көзделуде. Сондай-ақ нақтыланғалы отырған бюджетте аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін балалар жәрдемақысы және атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін де 12-%-ға арттыру қарастырылып, оған берілетін 2,1 млрд. теңге жергілікті атқарушы органдарға мақсатты трансферттер ретінде жеткізілгелі отыр.
Отбасы институтын нығайту мақсатымен «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне Үкіметке ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды асырап алуына байланысты біржолғы ақшалай төлемнің мөлшерін тағайындау және қайтару тәртібін бекіту құзыретін беретін өзгерістер енгізілді.
Бұл шығыстар «Республикалық және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, елорда бюджеттерінің арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Заңында көзделген. Бұл ақшалай төлемнің мөлшері 75 АЕК (148 650 теңге).
Бала асырап алуына байланысты берілетін біржолғы ақшалай төлемді жүзеге асыруға 2015 жылы 386,2 млн. теңге, 2016 жылы 423,8 млн. теңге бағытталатын болады.
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.