Былтыр желтоқсанда облыс әкімдігі Қызылордада тұңғыш рет «HackDay-2017» фестивалін өткізді. Оған қатысқан 500-дей дарынды жас екі күн бойы топтасып жұмыс істеді. Нәтижесінде инновациялық жобалар бойынша идеяларын таныстырды.
Білім
01 наурыз 2018 г.
911
0
Елбасының биылғы Жолдауы мемлекетіміздің жаңа дамуының бағыты мен бағдарын көрсетіп отыр. «Тәуелсіздік дәуірі» атты кең тынысты еңбегінде жазылғандай, ширек ғасыр бізді шыңдады, әлемдік сын-қатерлерге төтеп беруге үйретті, Қазақстанның аты мен затын дүние жүзіне танытуға мүмкіндік берді. Ал рухани жаңғыру тынысымызды ашты.
Білім
27 ақпан 2018 г.
780
0
«Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген еді Елбасымыз. Шындығында білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп мұғалімдері кәсіби даярлау курстарынан өтіп, жаңалықты тәжірибеге ендіру жұмыстары да қадамдап іске асып келеді. Мұғалімдер дәстүрлі оқыту үдерісінен жаңаша сипаттағы сабақтар даярлауға жаппай бетбұрыс жасауда. ХХІ ғасырдың кең ауқымды дағдыларын меңгерту бағытындағы коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыратын, мұғалім мен оқушының сыни ойлау мүмкіндігін кеңейтуге жұмыс жасайтын тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының сабақтарда қолданылуы өзгерістің алғашқы сатыларын көрсетуде.
Білім
26 ақпан 2018 г.
958
0
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы іске асырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жас ұлан» ұйымында «Жас Ұлан жаңа әлемде...» жылдық акциясы бастау алған. Осы акция көптеген шаралар мен жобалардан тұрады. Соның бірі - «Бабалар Үні» акциясы. Бұл шарада оқушылар эпостық жырларды мәнерлеп оқудан байқауға түседі. «Акция тәрбие жұмысын түрлендіру бағытында Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлерін, эпостық жырларды насихаттауға арналған. «Бабалар үні» акциясы аясында үздіктерді интернет желісі арқылы таныстырып, жыр оқу эстафетасын жалғастырып отырмыз», дейді облыстық «Жас ұлан» ұйымының жетекшісі Гүлайым Ақмырзаева.
Білім
22 ақпан 2018 г.
1 813
0
Жақында қызылордалық жас ғалым, «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимовтың «Сананы жаңғыртудың 6 бағыты: мәні, мазмұны және түсініктері» атты жаңа монографиясының жарық көрген. Бүгінде аталған монография ғылыми сілтемелердің Ресейлік индексі (РИНЦ) базасында индекстеле бастады.
Білім
19 ақпан 2018 г.
1 400
0
Робототехника саласы оқушыларға жаңа технологиялық жетістіктермен танысуға, IT-технологияларды жылдам меңгеруге мүмкіндік беруде. Ол қазір дүниежүзінде кең қолданыс тапқан. Біздің өңірде де робототехникаға қызығушылық танытатын жас инноваторлардың саны артты. Олардың көпсалалы ғылымның тереңіне бойлап, зерттеп-зерделеуге деген ынтасы жоғары.
Білім
19 ақпан 2018 г.
1 598
0
Экономикалық өсім де, қоғамның жаңаруы да, тұрмыс-тіршілігіміздің түзелуі де, қысқасы, өміріміздегі барлық игілік адам қолымен жасалуда. Мұндайда білімнің, жаңа ғасырдың айқындаушы факторы – ақпараттық, цифрлық технологиялардың маңызы зор. Аймақта бiлiм сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі көз алдымызда.
Білім
19 ақпан 2018 г.
1 288
0
ҚР Балалардың құқығын қорғау жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері Қызылорда облысындағы интернаттық үлгідегі балалар мекемелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақзира Қасымова хабарлады.
Білім
19 ақпан 2018 г.
1 189
0
Баланың болашағы алған білімі мен игерген кәсібіне байланысты болғандықтан перзенті мектеп бітіруге жақындағанда ата-ананың көңіліне алаң кіреді. Заманның ағымын, келешекте сұраныста болатын мамандықтарды, бастысы баланың бейімін бағамдап, бағыт беруге ұмтыламыз. Қателеспеуге тырысамыз. Қай ата-ана болсын, өз қолы жетпеген жетістікке баласының жеткенін қалайды емес пе?!
Білім
19 ақпан 2018 г.
1 183
0
Қызылорда облысының білім басқармасының "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық- ғылыми жоба конкурсына қыркүйек айының 15 жұлдызына дейін тіркеу жұмыстары жүргізіліп, оған 755 жобамен 788 оқушы ұсыныс білдірді.
Білім
16 ақпан 2018 г.
2 624
0