РОБОТОТЕХНИКА ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТАДЫ

РОБОТОТЕХНИКА ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТАДЫ

Робототехника саласы оқушыларға жаңа технологиялық жетістіктермен танысуға, IT-технологияларды жылдам меңгеруге мүмкіндік беруде. Ол қазір дүниежүзінде кең қолданыс тапқан. Біздің өңірде де робототехникаға қызығушылық танытатын жас инноваторлардың саны артты. Олардың көпсалалы ғылымның тереңіне бойлап, зерттеп-зерделеуге деген ынтасы жоғары. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Шахмардан Махметқожаның да бұл салаға беттегеніне біршама уақыт болды. Бірнеше рет аймақтық, республикалық олимпиадаларға қатысып, техникалық көрмелерден жүлдемен оралған өреннің өресі биік. Келешекте ол құлтемірді бағдарламалауды, инновациялық технологияларды одан әрі игеруді ойлайды.
Білім 15 ақпан 2018 г. 896 0
Термин дауы: қалдыру керек пе, аудару керек пе?

Термин дауы: қалдыру керек пе, аудару керек пе?

Алыстан дәлел іздеудің керегі жоқ. Біз осы қала шетіндегі Қызылжарма мен Ақжарма ауылының неге солай аталғанын білеміз бе? «Қызылы» мен «ағы» түсінікті. Ал «жарма» сөзі нені білдіреді? Жақында таныс ғалым жарманың «үлкен арық» екенін айтқанда, «е-е, түсінікті» дестік. Қазір біз білетін канал ұғымын бұрынғылар «жарма» деп атаған. Демек, каналды орысша атауымен қабылдағанбыз, ал қазақтың жарма сөзін ұмыта бастадық.
Білім 10 ақпан 2018 г. 1 309 0
Үздік ұстаздар

Үздік ұстаздар

Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы өткізген кезекті V Республикалық тәуелсіз қоғамдық «Үздік ұстаз» байқауының нәтижесі анықталды. Байқауға Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарымен бірге біздің облыстың мектеп, лицей және колледж  мұғалімдері  қатысты.
Білім 09 ақпан 2018 г. 1 149 0
Келешектің кәсібі

Келешектің кәсібі

Жасыратыны жоқ, IT саласының жылдам дамуына байланысты оған қатысты мамандықтарға көптің қызығушылығы артты. Бағдарламалау саласына бағытталған арнайы мектептер пайда бола бастады. Бірер жыл бұрын біздің өңірден ашылған «Grand Master» мектебі де келушілерге білмегенін үйретіп, сан қырлы салаға қатысты дүниелерді игеруге септесіп келеді. Заманауи орталық жетекшісі Алмат Қуанышбаев мұнда келушілердің веб-сайт және мобильдік қосымша жасауды меңгеретінін айтады. Сондай-ақ, бағдарламалау мектебінің талабы зор, тәжірибесі кем студенттердің жұмысқа орналасу мәселесін шешуде де көмегі бар.
Білім 08 ақпан 2018 г. 803 0

Кәсіптік білім ордасына – 90 жыл

9 ақпан күні облыстағы іргелі оқу орындарының бір, Арал қаласындағы кәсіптік білім беретін іргелі оқу орындарының бірі – Арал индустриалды-техникалық  колледжі 90 жылдық мерей тойын тойламақ.  Салтанатты шараға аудан әкімі, кәсіптік білім саласының ардагерлері, облыстың білім саласы қызметкерлері, облыстық кәсіпкерлер палатасының, өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің, облыстық кәсіподақ комитетінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, мәслихат депутаттары, әлеуметтік серіктестік қатынастағы кәсіпорындар өкілдері, колледждің сан жылдардағы басшылары мен қызметкерлері шақырылған.
Білім 08 ақпан 2018 г. 1 106 0
Ізгілік – өмір нәрі

Ізгілік – өмір нәрі

Қызылорда облысының білім басқармасының  ұйымдастыруымен 7-11 сынып оқушыларын арасында «Ізгілік – өмір нәрі» атты әлеуметтік жобалар фестиваль өтті.
Білім 01 ақпан 2018 г. 1 616 0
Ағылшын тілінде акцентпен сөйлесеңіз...

Ағылшын тілінде акцентпен сөйлесеңіз...

Ағылшын тілін үйрену барысында туындайтын басты қиындық – акцент. Ағылшын тілінде еркін сөйлей алмайтындығымыздан, кей сөздерді дәл айтып тұрмыз ба деген қорқыныштың кесірінен біз кейде сөйлесуге ұялып жатамыз. Бұл акцент қайдан пайда болды? Дыбыстау кезіндегі қиындықтардың барлығы біздің ана тілімізде кездеспейтін дыбыстарды айту барысында туады. Шынында, барлық адам кез келген дыбысты қабылдай алады. Бірақ, жас ұлғайған сайын бұл қабілет деңгейі әлсірейді, яғни, тілді үйренуді ерте жастан бастаған дұрыс.
Білім 31 қаңтар 2018 г. 1 066 0
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны сабақта пайдалану арқылы оқушыларды адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу, сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет.
Білім 30 қаңтар 2018 г. 1 869 0
ЖЕТІНШІ МІНДЕТ БАСЫМДЫҚТАРЫ

ЖЕТІНШІ МІНДЕТ БАСЫМДЫҚТАРЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әр жылғы Жолдауы тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы жаңа бастамалар іргетасы болып табылады. Осы жылдың басты стратегиялық құжаты еліміздің болашағын айқындайтын 10 түсінікті әрі айқын міндеттерден тұрады.
Білім 29 қаңтар 2018 г. 971 0
Адами капитал жаңғыру негізі

Адами капитал жаңғыру негізі

Президенттің осы жылғы Қазақстан халқына Жолдауы елі­міздің ілгері дамуы үшін жасалған маңызды стра­тегиялық бастамалардың ло­ги­калық жалғасы болып табы­лады. 
Білім 27 қаңтар 2018 г. 3 303 0