Үздік ұстаздар

Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы өткізген кезекті V Республикалық тәуелсіз қоғамдық «Үздік ұстаз» байқауының нәтижесі анықталды. Байқауға Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарымен бірге біздің облыстың мектеп, лицей және колледж  мұғалімдері  қатысты.

Соның ішінде Жалағаш, Қазалы аудандарынан қатысқан 3 үміткер: Жібек Оспанова, Айнур Ертуганова, Гулжамила Рзакулова жеңімпаз болды.

Жеңімпаздар «Үздік ұстаз» деп жазылған төсбелгімен, куәлікпен, сертификатпен және олардың аналитикалық есептері жазылған жинағымен марапатталды.

Жеңімпаздарды шын жүрегімізден құттықтай отырып, шығармашылық табыс, бақ-береке тілейміз!

Келесі байқау үстіміздегі жылы сәуір айының басында өткізіледі.

Білім 09 ақпан 2018 г. 1 150 0