9 ақпан күні облыстағы іргелі оқу орындарының бір, Арал қаласындағы кәсіптік білім беретін іргелі оқу орындарының бірі – Арал индустриалды-техникалық колледжі 90 жылдық мерей тойын тойламақ. Салтанатты шараға аудан әкімі, кәсіптік білім саласының ардагерлері, облыстың білім саласы қызметкерлері, облыстық кәсіпкерлер палатасының, өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің, облыстық кәсіподақ комитетінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, мәслихат депутаттары, әлеуметтік серіктестік қатынастағы кәсіпорындар өкілдері, колледждің сан жылдардағы басшылары мен қызметкерлері шақырылған.
Негізі 1927 жылы балық аулау артелі болып құрылып, жергілікті тұрғындардан балықшылар бригадирлерін, ау құралдарын септеп тоқу мамандарын даярлады. балықтарды қайықпен аулау үшін 1937 жылы «Юнга» мектебі болып қайта құрылып: кіші қайықтарға матрос, мотористер дайындады. Балықтарды аулап, оны өңдеп КСРО-ның басқа қалаларына, облыстарға сатуға және ішкі рыноктың сұранысына сәйкес мектеп 1943 жылы ФЗО (фабрично-заводское обучение) мектебі болып аталып, қайық радистерін, бөшке жасау мамандарын, кіші қайық матростарын, мотористерін даярлады. 1955 жылы қол өнер учлищесі болып қайтадан құрылып, ағаш, темір ұсталарын, қайықтың мотрос, мотористерін даярлауды іске асырды. Арал теңізінің жағалауынан аса қашықтықтан балық аулау мақсатында 1963 жылы №68 қалалық кәсіптік-техникалық училищесі (ГПТУ-68) болып өзгеріп, балық өсіруші, өңдеуші, кеме жүргізуші, кеме механигі, электромонтажшылар мамандарын даярлауды бастады. 1984 жылы мектеп №4 орта кәсіптік-техникалық училищесі (СПТУ-4) болып аталып, сол жылдан бастап токарь, электромонтажшы, тігінші, слесарь-жөндеуші, құрылысшы мамандықтарын әзірледі. Заман талабына және де нарықтық сұранысқа байланысты әр жылдарда колледж атауы өзгеріп отырды. Облыс әкімінің №435 қаулысына сәйкес Арал индустриалды техникалық колледжі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып өзгерді.
Қазіргі таңда колледжімізде 1магистрант, жоғарғы санатты 8, І санатты 34, ІІ санатты 11 білімді де білікті педагог-қызметкерлері дәріс беруде.
Бүгінгі таңда Кіші Аралдан мыңдаған тонна балық аулап, балық өнеркәсібін дамытуға бетбұрыс жасау аралдықтардың алдындағы нақты міндет болып саналады. Балық шаруашылығы – Арал өңіріндегі және облыс экономикасындағы маңызды саланың бірі. Уақыт талабына байланысты Арал ауданы аймағында балық кластерін қалыптастыруға жағдай жасалуда.
Балық кластерін дамытудың алғы шартының бірі – кадрлар дайындаудан тұрады. Осыған сәйкес №16 Арал кәсіптік мектебінде 2002 жылдан бастап балық кәсіпшілігіне байланысты орта буын мамандар даярлануда.
Осы уақытқа дейін мектеп төрт мамандық (тігінші, балық өңдеуші, слесарь – электромонтажшы, электрогазбен дәнекерлеуші) бойынша дайындап келсе, таяуда ірге тасы қаланған Арал қаласынан ашылғалы тұрған екі бірдей «Вагон құрылыс» және «Балық өңдеу» зауыттарының кадрларын дайындау құзырлығына мектеп ие болып, алдағы уақытта балық өсіруші - өңдеуші, сұрыптаушы, қайық мотористері, т.б. жаңа мамандық иелерін дайындауды қолға алуда.
Колледждің материалдық–техникалық базасын түбегейлі жақсарту мақсатында облыс, аудан әкімшілігінің басшылығымен КМК «Арал вагон жөндеу Зауытына» қарасты «Сауда орталығы-Асхана» және «Электр цехы» ғимараттары мектеп балансына қайтарымсыз алынып, бұл ғимараттарға 2002 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп 12 теориялық оқу кабинеттері, 6 оқу шеберханасы, 3 зертхана, спорт залы, медпункт, кітапхана, әдістемелік және тағы басқа қосымша бөлмелер қызмет жасауда. Оқу кабинеттері білім беру стандарттарына сай жабдықталып, колледж фойесінде қазіргі заман талабына сәйкес жабдықталған.