Ізгілік – өмір нәрі

Қызылорда облысының білім басқармасының  ұйымдастыруымен 7-11 сынып оқушыларын арасында «Ізгілік – өмір нәрі» атты әлеуметтік жобалар фестиваль өтті.
Жобаның мақсаты - оқушылардың қоғамға қызмет етуге бағыталған, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне, өзін-өзі тануына және әлеуметтік белсінділігін дамытуына көмектесетін іс-әрекетін мадақтау және ынталандыру болып табылады.
Фестивальді өткізу барысында төмендегі міндеттер шешілді:
1. жасөспірімдер мен жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту;
2. оқушылардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;
3. шеберлік сыныптары арқылы оқушылардың өзіндік әлеуметтік бағытталған іс-әрекетінің іскерліктері  мен дағдыларын дамыту;
4. мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмылдыру.
Аудандық және қалалық білім бөлімдерінен ұсынылған әрбір делегация ұжымдық, топтық немесе  жеке сипаттағы  әлеуметтік жобаларын әзірлеп әкелді.  Жобамен қатар аудан, қаладан келетін әрбір делегация «Сүйем сені, туған өлкем!» атты слайдтық көрсетілімі мен көркемөнерпаздық нөмірінұсынды. Жобаларды іріктеу критерийлері:
-әлеуметтік бағыттылығы;
-тақырыптың өзектілігі;
-практикалық маңыздылығы;
-«Өзін-өзі тану» пәнімен байланысы;
-Жобаның шынайылылығы бойынша жүзеге асты.
Фестивальда әлеуметтік жобалар әділ-қазылар алқасымен бағаланды және қорытындысында арнайы облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Нәтижесі бойынша І-орынға Қызылорда қалысының құрама командасы, ІІ-орынға Қазалы ауданы мен №10 «Білім-Инновация» лицейінің командалары, ІІІ –орынға Жалағаш және Шиелі аудандарының командалары ие болды.
Білім 01 ақпан 2018 г. 1 687 0