Адами капитал жаңғыру негізі

Президенттің осы жылғы Қазақстан халқына Жолдауы елі­міздің ілгері дамуы үшін жасалған маңызды стра­тегиялық бастамалардың ло­ги­калық жалғасы болып табы­лады. 

Жолдау тақырыбы ай­тып тұрғандай, құжатта еліміздің Төртінші өнеркәсіптік рево­люция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады. Төртінші өнер­кәсіптік революция жағ­дайындағы тарихи өрлеу бас­тауында тұрған ұлт болуымыз керектігіне көңіл бөлінген. Ол үшін Елбасы шешуіміз тиіс әрқайсысының жүгі бөлек, түсінікті әрі айқын он міндетті атап көрсеткен болатын.

Төртінші өнеркәсіптік рево­люция – әлемдік қауым­дас­тықпен қатар біздің еліміз де еніп отырған өзгерістер кезеңі. Бұл технологиялық жүйелердің өндіріске қарқынды енуі және адамзат қажеттіліктерін қана­ғат­тандыруы деп те түсінуімізге болады. Өзгерістер кезеңі адам­заттың бүкіл өмір-салтын, еңбек нарығын, саяси жүйелерді, тех­но­логиялық құрылымдарды, тіпті адамзат бірегейлігін қамтиды. Жаһандық эко­но­микалық дамудағы құн­ды­лық­тар өзгерісі, кезекті технологиялық жетістіктерді пай­далану, өнер­кәсіптік жұмыс­тардың толық­тай өзгерісі эко­но­микалық өсімнің жаңа бағыттарын қалыптастыруға мүмкіндіктерін береді.

Жолдаудағы адами капи­талды дамытуға негізделген міндет маңызды бағыттардың бірі деп ойлаймыз. Өйткені кез келген мемлекеттің басты байлығы – адам. Жетінші міндеттің «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп аталуы да бекер емес. Елімізде адамның рухани дамуы үшін көптеген шаралар жасалып жатыр. Бұл мәселе Елбасының өткен жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласында да ерекше аталды.

Білім берудің жаңа сапасын дамытуға біршама міндеттер қойылды. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау, еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту, білім берудің барлық дең­гейіндегі математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту жас­тарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты екендігі айқындалды. Жас ұрпақты ғылыми-зерттеу сала­сына және өндірістік-тех­нологиялық ортаға ұтымды түрде кірістірудің жолдары ай­тылды.

Елбасының қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру мәсе­лесін Жолдауда қайта қозғауы қазақстандықтардың болашағы екендігі айқын. Өскелең ұрпақ­тың жаһандық әлемде өмір сүруі және жұмыс жасауы үшін үш тілді білуі өзектілігін жоғалтпауы керек деп ойлаймыз. Үш тілді меңгерген азамат 3 тілдегі көркем, ғылыми еңбектермен танысуы арқылы тек дүниежүзілік өркениет пен мәдениеттің шығармашылығын біліп ғана қоймай, жеке толеранттылық ұстанымын да қалыптастыра алады деп ойлаймыз.

Бүгінде біздің қоғам білімге негізделген әлеуметтік-экономикалық дамудың иннова­циялық жолын таңдады. Заманауи шарттарда ғылым, білім беру, әлеуметтік салаға бөлінген инвестициялар маңызды әлеуметтік-эконо­микалық мәнге ие. Сонымен қатар, ұдайы өндірісті кеңейту мен адами қабілеттілікті жиынтықтау, кәсіби құзірет­тілік пен тұрғындардың эконо­микалық мүмкіндіктерін жақ­сар­туға мүмкіндік жасайды. Сондықтан мемлекеттік және жеке қаражат бөлу адами капитал құрылымы, мазмұны мен сипаты, кәсіби білім, дағдылар иелену, тәжірибені тарату, интеллектуалды шы­ғар­машылық қабілетін дамы­ту, жоғары адамгершілік көр­сет­кіштерін күшейту секілді процестерді сапалық жетіл­діруге бағытталуы тиіс деп ойлаймыз.

Адами капиталдың тұрақ­ты дамуының мәні мен мазмұнын дұрыс танымай, зама­науи шарттардағы қоғам­дық даму тетіктері бойынша әзірлемелер дайындау жұмыс­тарын қамтамасыз ете алмай­тындығымыз анық. Адами капиталдың даму процестері заңдылықтарын дұрыс түсіну арқылы біз заманауи әлеуметтік саясат тұжырымдамасының мүдделері, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту салаларын шынайы әлеуметтік жоспарлау, еңбек қатынастарын реттеуді тиімді жүргізе аламыз.

Жалпы Төртінші өнер­кәсіптік революция жаһандық бәсекелестік жағдайында барлық елдердің әлемдік қауымдастықтағы орны мен рөлін ауыстыруы мүмкін. Сондықтан Елбасының «Төртін­ші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің жаңғыру бағытындағы жұмыс­тарын ілгерілетіп, жаңа жетіс­тіктерге жеткізетіндігіне сене­міз.


Мұрат Насимов.
"Болашақ" ғылыми-зерттеу институтының директоры,
саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Білім 27 қаңтар 2018 г. 3 341 0