Республикалық ғылыми жоба конкурсы

Қызылорда облысының білім басқармасының "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық- ғылыми жоба конкурсына қыркүйек айының 15 жұлдызына дейін тіркеу жұмыстары жүргізіліп, оған 755 жобамен 788 оқушы ұсыныс білдірді. 

Ғылыми жоба конкурсының І кезеңі, яғни аудандық/қалалық кезеңге  304 жобамен 315 оқушы қатыстырылған. Ал, 2017 жылдың 24 қарашасы күні өткізілген конкурстың облыстық кезеңінің бірінші туры, жобаны қорғауға 230 жобамен 241 оқушы қатысып, нәтижесінде 123 жобамен 132 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен (І орын-15, ІІ орын- 34, ІІІ орын- 83) марапатталды. Осы кезеңнен сүрінбей өткен, білім, ғылым көкжиегінен бой көрсеткен 123 жобамен 132 алғыр оқушыларымыз оқыту тіліне қарай бейіндік пәнді тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша тестілеуге жолдама алып, 5 желтоқсан күні өз бақтарын сынады.

2018 жылдың 13 мен 16 ақпан аралығында Алматы қаласында өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық- ғылыми жоба конкурсының қорытынды кезеңіне облысымыздан тестілеуден межелі балға қол жеткізген 19 жобамен 19 оқушы   қатыстырылып, нәтижесінде 8 оқушы  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына (І орын-1, ІІ орын- 6, ІІІ орын- 1) қол жеткізді.Сонымен қатар, Қызылорда облысы командалық есепте ІІІ орыннан бой көрсетті.  Тағы бір мақатанарымыз, конкурс жеңімпазы, Қызылорда қаласы, Үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға арналған "Мұрагер" мектебінің 11 сынып оқушысы Ақпан Дінмұхамед Жұлдызбайұлы Қазақстан-Британ техникалық университетінің білім грантына ие болды.

І дәрежелі диплом иегері: 

Жайшылықұлы Асылхан- Қармақшы ауданы, №109 мектебінің 11 сынып оқушысы (қазақ әдебиеті секциясы)

ІІ дәрежелі диплом иегерлері: 

Маманова Мөлдір- Сырдария ауданы, №137 мектебінің, 10 сынып оқушысы (физика секциясы)

Амирова Амина- Қызылорда қаласы, «Мұрагер» мектебінің 11 сынып оқушысы (биология секциясы)

Ақпан Дінмұхаммед- Қызылорда қаласы, «Мұрагер» мектебінің 11 сынып оқушысы (математика секциясы)

Нұржан Нұрай- Қызылорда қаласы, №1 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы (тіл білімі (қазақ))

Әлмахан Ақсұңқар- Қызылорда қаласы, №11 мектебінің 11 сынып оқушысы (тіл білімі (қазақ))

Хисматулина Римма- Қызылорда қаласы, №5 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (тіл білімі (орыс))

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: 

Шаңбай Ұлжан- Қызылорда қаласы, «Мұрагер» мектебінің 9 сынып оқушысы (қазақ әдебиеті секциясы).


   
Білім 16 ақпан 2018 г. 2 580 0