Жақында қызылордалық жас ғалым, «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимовтың «Сананы жаңғыртудың 6 бағыты: мәні, мазмұны және түсініктері» атты жаңа монографиясының жарық көрген. Бүгінде аталған монография ғылыми сілтемелердің Ресейлік индексі (РИНЦ) базасында индекстеле бастады.
РИНЦ – бұл ғалымдардың 12 миллионға жуық жарияланымдарын біріктірген, ғылыми сілтемелер мәліметтерін қалыптастыратын Ресейдегі ұлттық библиографиялық база. Бұл жобаны 2005 жылдан бастап «Ғылыми электронды кітапхана» (elibrary.ru) жүзеге асырып келеді.
Аталмыш базада М.Ө. Насимовтың ғылыми еңбектері 2013 жылдан бастап индекстеле бастады. Бүгінде жас ғалымның 57 жарияланымын «elibrary.ru» Ғылыми электронды кітапханасынан табуға болады, оның ішінде 3 монография, 7 оқу және оқу-әдістемелік құралдар бар.
Жансая ҚЫДЫРБАЙ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің 4-курс студенті.