« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Байқауда бақ сынағандардың бірі – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлік экология факультетінің 4-курс студенті Айбек Оразбақов. Ол осы факультетте өзімен қатар оқитын Әбілқайыр Дөнесов және Қызылорда қаласы С.Әлжіков атындағы №144 орта мектептің 11-сынып оқушысы Оралбек Абдуллаевпен бірге жоба идеясынан прототип жасақтап шығарды. Аталған команда кафе-мейрамхана, театр сияқты қоғамдық-көпшілік демалыс орындардағы бос орындар мен көлік тұрақтарын онлайн түрде броньдау үлгісін ұсынды.
– Ол үшін арнайы сайт әзірлеу керек. Сол арқылы баратын жеріңде көлік қоятын орын бар-жоғын алдын ала білуге болады. Достармен отырыс ұйымдастырғың келген жағдайда уақытты, орынды белгілеп, тамаққа тапсырыс беруге мүмкіндік бар. Бұл бізге онсыз да зымыраған уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, – дейді Айбек.
Байқау шарты бойынша команда мүшелері 3 минут ішінде жоба прототиптерін таныстырып, тағы 3 минут ішінде сұрақтарға жауап беруі тиіс болды. Жастар сынақтан сүрінбей өтті. Олардың жобамен жұмыс істеуіне Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Сәбит Ибадулла, ақпараттық технологиялар және ғылыми жұмыстарды коммерцияландыру басқармасының бастығы, техника ғылымдарының кандидаты Қуаныш Дәуренбеков көмектесіп, бағыт беріп отырды.
Айбек «HackDay-2017» фестивалі өзі секілді ақпараттық технологияға қызығушы жастарға тың серпін сыйлағанын айтады. Оған қатысушылардың қай-қайсысы да осал емес. Бірі мобильді қосымшалар көмегімен қайырымдылық шараларымен айналысу мүмкіндігін ұсынса, енді бірі үйден газ иісі шыққан жағдайда ұялы телефонға хабар түсіретін газ анализаторын ойлап тауып, бір-бірінен оза шапты.
Жуырда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев идеялар фестивалінің қатысушыларымен жүздесті. Айбек те солардың қатарында болды. Айтуынша, аймақ басшысы жастардың ІТ саласындағы стартап жобаларымен танысып, мұндай ерекше бастамаларға әрдайым қолдау жасалатынын жеткізген. Еске салсақ, бүгінде қызылордалық студенттер Мәскеу және Санкт-Петербург қаласының жоғары оқу орындарында осы бағыт бойынша оқып жатыр. Айбек те университетті бітірген соң магистратурада оқуын жалғастырып, IT саласын дамытуға үлес қосқысы келеді.
– Ғылыми жобалармен айналысқанды қалаймын. Онда да адамның өмір сүру сапасын арттырып, жағдайын жеңілдететін өнертабыстарды дүниеге әкелгім келеді, – дейді ол.
Назерке САНИЯЗОВА,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |