М.СЕМИНИКИНА: ӘКЕ АЛҒЫСЫН ЖЕТКІЗУ – ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗЫМ

Екінші дүниежүзілік соғыс басталған соң арада екі айдай уақыт өткенде, яғни  1941 жылдың 12 тамызында Халық Комиссарлар Кеңесінің «Еділ бойы аудандарында тұратын немістерді көшіру туралы» қаулысы қабылданды. Ілгерідегі санақ бойынша КСРО-да 1,5 млн-ға жуық неміс тұрған еді. Жоспар бойынша сол жылдың соңына дейін Қазақстанға 500 мыңға жуық  немісті, оның 15 мыңын Қызылорда облысына көшіру белгіленді. Осы жарлықтың пәрменімен Мәскеу түбінде тұратын Шмидкелер  отбасы Қазалыға жер аударылып кете барды.
Әлеумет 03 наурыз 2018 г. 824 0

ДӘУІРЛІК БАСТАМА

Мемлекет басшысы еліміз­ге дамудың жаңа сапасы қажеттілігін, ол бірінші кезекте «Төртінші өнеркәсіптік революция» элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс екендігін, Жаңа әлем көшбасшылары қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екендігін және ол үшін шешуге тиіс 10 дәуірлік басымдықты айқындап берді.
Әлеумет 03 наурыз 2018 г. 717 0
Қазақтың капиталы – төрт  түлігі

Қазақтың капиталы – төрт түлігі

Баптай білгеннің малы пұлды. Шаһар атаулыдан шалғай отырса да, тірлігін дөңгелетіп, мал өсіріп, бейнетіне көніп, зейнетін көріп отырған ағайын аз емес. Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылындағы «Ертілеу» шаруа қожалығы солардың қатарында. Еңбектің көзін тапса, пайда табуға болатынын осындағы еңбек адамдарының тірлігінен байқауға болады. Қожалық иесі Бекболат Құрманаевпен тілдескенімізде де әрбір істе белгілі нәтижеге жету үшін оны дұрыс ұйымдастыра білу қажеттігіне көз жеткіздік. Сонымен қатар осы қасиетті бойына сіңіре білген кәсіпкердің әлі талай асуларды бағындырарына сенім білдірдік.
Әлеумет 01 наурыз 2018 г. 791 0
ЖОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАСТАР

ЖОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАСТАР

М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжде Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы қызу талқыланып, ұстаздар мен оқушы жастар арасында кеңінен насихатталуда.
Әлеумет 26 ақпан 2018 г. 931 0
БИЫЛ 3 АУДАННЫҢ  ОРТАЛЫҒЫ ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ

БИЫЛ 3 АУДАННЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ

Биыл облыстағы 3 ауданның орталығы – Жосалы, Жалағаш және Тереңөзек кенттерін газдандыруға басымдық беріледі. Қызылорда қаласының іргесіндегі ауылдар мен сол жағалауға қатысты жұмыс жалғасады. Әзірге Сыр жұртшылығының 63%-і табиғи отын тұтынып отыр. Демек, бұл көрсеткіш әлі де арта түседі. Бұған дейін сұйытылған газ пайдаланып келген Байқоңырға табиғи газдың келуі өткен жылдың айтулы жаңалығы болды.
Әлеумет 20 ақпан 2018 г. 1 148 0
Заңнамаға өзгерістер енгізілді

Заңнамаға өзгерістер енгізілді

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 5-бабына сәйкес (Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңның керi күшi) әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін немесе оның күшін жоятын не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның жағдайын өзге түрде жақсартатын заңның керi күшi болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалмаған құқық бұзушылыққа қолданылады.
Әлеумет 19 ақпан 2018 г. 964 0
ДЕНСАУЛЫҚ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

ДЕНСАУЛЫҚ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

Облыс әкімінің тұрғындармен есепті кездесуінде денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар айрықша аталды.
Әлеумет 19 ақпан 2018 г. 1 176 0

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫНА КӨЗ ТОЯДЫ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың ел алдындағы есепті кездесуінен көп нәрсені көңілге түйдік. Өңірімізде атқарылған жұмыстардың нәтижесіне көз жетіп,  көңіл қуанды. Қай саланы алып қарасақта, соңғы бес жылда оң өзгерістер басым. Әсіресе, өзім құрылысшы болғандықтан аймақта қолға алынған құрылыс жұмыстарына ерекше назар аудардым. Мәселен, сол жақ жағалаудағы жаңа қалада 18 көпқабатты тұрғын үй мен 320 орындық балабақшаның көтерілуі, "Рухани жаңғыру" орталығының құрылысы мен «Болашақ» университетінің кампусы, Жастар ресурстық орталығының салынуы үлкен бастама. Сондай-ақ, биыл аймағымызда шыны зауыты іске қосылмақ. 
Әлеумет 15 ақпан 2018 г. 1 127 0
1-топ мүгедектерін асырағандарға күнкөріс деңгейінен кем емес жәрдемақы беріледі

1-топ мүгедектерін асырағандарға күнкөріс деңгейінен кем емес жәрдемақы беріледі

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Нарматовтың қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Әлеумет 14 ақпан 2018 г. 721 0
Жастықта заңсыз жұмыспен қамтылу – қарттықта аз зейнетақы

Жастықта заңсыз жұмыспен қамтылу – қарттықта аз зейнетақы

Өткен жыл көлемінде әлеуметтік қорғау, денсаулық, білім, мемлекеттік кірістер, юстиция және полиция қызметі органдары бірлесіп, бірқатар жұмыстар атқарды.Нәтижесінде, 97 мыңнан астам азамат, яғни, экономикалық белсенді халықтың 30 проценті өздерін өнімсіз өзін-өзі қамтығандар және тіркелмеген жұмыссыздар ретінде көрсеткендігі анықталды. Былтыр орташа есеппен алғанда нақты 5 мың жұмыссыз азамат жұмыспен қамту органдарына тіркелген.
Әлеумет 10 ақпан 2018 г. 1 143 0