1-топ мүгедектерін асырағандарға күнкөріс деңгейінен кем емес жәрдемақы беріледі

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Нарматовтың қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауында мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді толықтай орындайтынын айтқан еді. Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 8% және базалық зейнетақы мен басқа да әлеуметтік жәрдемақылар 6%-ға дейін арттырылды. Базалық зейнетақыны қоса алғанда, ең төменгі зейнетақы бүгінгі күні 49 019 теңгені құрайды», – деді ол өз сөзінде.
Сондай-ақ, ол мемлекет басшысының өз Жолдауында кәмелетке толған бала жастан 1-топ мүгедектерін күтіп-бағуды жүзеге асыратын адамдар үшін 2018 жылғы 1 шілдеден бастап ай сайын 1 күнкөріс денгейінен кем емес мөлшерінде қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізуді тапсырғанын айтып өтті.
«Бұл жәрдемақыны тағайындау қағидалары мен тәртібін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қысқа мерзім ішінде әзірлеп, халық назарына жеткізетін болады. Осылайша, мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясат халықтың өмір сүру сапасын ұдайы арттыруға бағытталған», – деді Нарматов.
Әлеумет 14 ақпан 2018 г. 725 0