ДӘУІРЛІК БАСТАМА

Мемлекет басшысы еліміз­ге дамудың жаңа сапасы қажеттілігін, ол бірінші кезекте «Төртінші өнеркәсіптік революция» элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс екендігін, Жаңа әлем көшбасшылары қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екендігін және ол үшін шешуге тиіс 10 дәуірлік басымдықты айқындап берді.
Жолдаудың бесінші бағытында бас­қарманың негізгі қызметіне байланысты алдағы уақытта жүзеге асырылуға тиісті міндеттер нақтыланған.
Дәлірек айтқанда, бесінші бағыт құры­лысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу мәсе­лесіне арналып,  баспанамен қамту көрсет­кішін 2030 жылға адам басына 30 шаршы метрге жеткізу, құрылыс салудың жаңа әдіс­терін, заманауи материалдарды, сон­дай-ақ ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағанда басқа тәсілдерді қолдану, ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына, энергиялық тиімділігіне талапты күшейту, үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалдық басқару жүйелерімен жабдықтау, ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету міндеті жүктелді.
Яғни, Жолдау елімізді төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайында дамы­туға арналып отыр.
Елбасының «Ұлт жоспары – бес инсти­туционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» бағдарламасы елімізде жүзеге асырылып жатқаны бәрі­мізге аян.
Бұл бағдарлама қоғам өмірінің негізгі салаларын, оның ішінде құрылыс саласын жаңартуға және кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған.
Атап айтқанда, «100 нақты қадамның» 49-қадамында ескірген құрылыс нормалары мен ережелерінің орнына еурокодтарды, яғни, нормалаудың еуропалық жүйесін енгізу көзделген.
Осыған орай, ағымдағы жылдың соңына дейін кеңес дәуірінен 1992 жылға дейін қабылданған 182 дана,  2019 жылдың соңы­на дейін 1992 жылдан 2010 жылға дейін қабылданған 70 дана құрылыс нормалары мен ережелерін қолданыстан алып тастау бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Демек, 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының құрылыс өндірісі толық­тай еурокод стандартына көшетін болады. Осы өзгерістерге сәйкес болашақта басқарманың тиісті мамандарын еурокод стандарттарына оқыту көзделіп отыр.
Жалпы, еурокодтар жүйесі бізге: еуро­па мен дүниежүзінің құрылыс сала­сындағы техникалық реттеу жүйесімен инте­грациялануға, құрылыс саласына шетелдік инвестицияларды тартуға мүм­кіндік бермей отырған техникалық кедергілерді жоюға, инновациялық техно­логиялар мен материалдарды пай­далануға, құрылыс қыз­метіндегі қазақстандық мамандардың деңгейі мен бәсекеге жарамдылығын арт­тыруға, сондай-ақ қазақстандық ком­паниялардың жобалау және құрылыс салу саласындағы шетелдердің на¬рығына кіруіне жағдайлар жасауға, еуропалық стандарттар бойынша құрылыс өнімдерін шығаруға және құрылыс индустриясындағы отандық кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Басқарма өз құзыреті шегінде Елбасы Жолдауынан туындайтын осы тапсыр­маларды жүзеге асыру бағытында ағымдағы жылы бірқатар міндеттерді іске асыруды жоспарлап отыр.
Оның ішінде:
- Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында салынатын  тұр­ғын үйлердің, әлеуметтік және инфра­құрылым нысандарының құрылы­сына заманауи материалдарды қолдануына, интел­лектуалдық басқару жүйелерімен жабдықталуына ықпал жасау және ғима­раттардың сапасына, экологиялық таза­лығына, энергиялық тиімділігіне бақылау-қадағалау шараларын жүзеге асыру;
– цифрлық технологияларды дамыту арқылы басқармамен мемлекеттік көрсе­тілетін қызметтердің сапасын арттыру, олардың халыққа қолжетімділігін қамта­масыз ету;
– жаппай кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту жолымен өзін-өзі жұмыспен қам­тығандардың санын азайту мақсатында тұрғындарға «Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында мемлекеттік қолдау көрсету (үгіт-насихат шараларын ұйымдастыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тәжірибелік көмек көрсету) шаралары бар.
Бір сөзбен айтқанда, тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болып, Елбасы Жолдауын іске асыру бағытында баршаңызды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс жасауға шақырамын.

М.МОЛДАБАЕВ,
облыстық мемлекеттік
             сәулет құрылыс бақылауы басқармасының басшысы.
Әлеумет 03 наурыз 2018 г. 722 0