М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжде Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы қызу талқыланып, ұстаздар мен оқушы жастар арасында кеңінен насихатталуда. Себебі, бұл Жолдау жаңа әлемге бейімделу мен жетістікке жету жолын айқындайды. Әрбір азаматты, жас буын өкілдерін туған жердің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді. Сайып келгенде «Мәңгілік елдің» болашағы үшін үлкен қадам болмақ.
Жолдаудың жетінші бағытында адами капиталды дамыту қоғамның жаңаша дамуына серпін беретіні айтылған. Осыған сәйкес, біз студенттерге елдің саяси басшылығы қабылдаған мемлекеттің және қоғамның даму стратегиясын, сондай-ақ, нақты іс-қимылдарын анықтайтын тұжырымдамалық құжаттардың басты бағытын түсіндірудеміз. Бұл ретте, жастар цифрлық технологияны дамыту, кең жолақты интернетпен қамту бастамаларына қызығушылық танытуда. Ол жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы – өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту екендігін айтқан. Елбасы талабы – өзгеріп жатқан жаңа әлемнің басты талабы екенін жастар жете ұғынады.
Гүлмира ШАПШАҢОВА,
Лаура СКАКОВА,
М.Мәметова атындағы гуманитарлық
колледж оқытушылары.