ДЕНСАУЛЫҚ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

Облыс әкімінің тұрғындармен есепті кездесуінде денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар айрықша аталды.
Аймақ басшысының қолдауымен салаға бөлінетін қаржы көлемі жылдан жылға артып келеді. Осының негізінде біздің өңір республикада әлеуметтік салаға көп қаржы жұмсап отырған бірден-бір аймақ атануда.  Салаға деген осындай қамқорлықтың, қолдаудың нәтижесінде көптеген өзекті мәселе өз шешімін тауып, медициналық қызметтің сапасын арттыруда ауқымды жұмыстар атқарылуда. «Денсаулық» мем­лекеттік бағдарламасының басты талабы тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын арттыру бағытында аймақ көрсеткіші 72,1 жасқа жетті. Аталған бағдарлама шеңберінде жалпы өлім-жітім себептерінің 52 процентін құрайтын аурулардың және демографияға әсер ететін 5 негізгі нозологиясы бойынша Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Осыған орай, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында 89 бейінді кабинет ашылып, 3 деңгейлі көмек көрсету жүйесі құрылды. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдары деңгейінде қанайналым жүйесі ауруларының асқынуын алдын алу мен диагностикалау мәселесі шешілуде.
Облыста денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық техникамен жаб­дықтауға соңғы 5 жыл ішінде қыруар қаржы бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар алынды. Нәтижесінде медициналық ұйымдардың мате­­риалдық-техникалық жабдықтармен жарақтандыру көрсеткіші 32,2 проценттен 2017 жылы 76,5 процентке жетті.  Соңғы 5 жылда 58 медициналық нысан пайдалануға берілді, оның ішінде 49-ы немесе 84,5 проценті апаттық жағдайдағы нысандар орнына салынды.
Жалпы, салада атқарылған қыруар істер­ді, қол жеткен жетістіктерді ауыз толтырып айтуға болады.

Гүлстан МАҚСҰТОВА,
 №3 қалалық емхана бас дәрігері.
Әлеумет 19 ақпан 2018 г. 1 179 0