БИЫЛ 3 АУДАННЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ

Биыл облыстағы 3 ауданның орталығы – Жосалы, Жалағаш және Тереңөзек кенттерін газдандыруға басымдық беріледі. Қызылорда қаласының іргесіндегі ауылдар мен сол жағалауға қатысты жұмыс жалғасады. Әзірге Сыр жұртшылығының 63%-і табиғи отын тұтынып отыр. Демек, бұл көрсеткіш әлі де арта түседі. Бұған дейін сұйытылған газ пайдаланып келген Байқоңырға табиғи газдың келуі өткен жылдың айтулы жаңалығы болды.

Халықты сапалы тіршілік нәрімен қамту ісі де  басты назарда. Бүгінде облыстағы елді мекендердің 75%-і орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған. Бұл – халықтың 95%-і таза су ішіп отыр деген сөз. Ендігі меже – мемлекеттік бағдарлама арқылы саладағы мәселені толықтай шешу.

Әлеумет 20 ақпан 2018 г. 1 152 0