Заңнамаға өзгерістер енгізілді

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 5-бабына сәйкес (Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңның керi күшi) әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін немесе оның күшін жоятын не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның жағдайын өзге түрде жақсартатын заңның керi күшi болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалмаған құқық бұзушылыққа қолданылады.
Кодекстің 919-бабының 1-бөлігіне (Осы Кодексті қолдану тәртібі) сәйкес осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген сот, органдар (лауазымды адамдар) шығарған және орындалмаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулылар, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заң әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе күшін жоятын не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның жағдайын өзгеше жолмен жақсартатын жағдайда заңның кері күшін белгілейтін осы Кодекстің 5-бабына оларды сәйкес келтіру мақсатында қайта қаралуға жатады. Бұрын шығарылған қаулыларды қайта қарауды өзіне қатысты қаулы шығарылған тұлғаның арызы бойынша қаулы шығарған сот судьясы, органның лауазымды адамы жүргізеді.
Осылайша, әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамның тиісті өтініші келіп түскен кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша бұрын шығарылған және орындалмаған қаулы, оның ішінде айыппұл төлеу қажеттілігі туралы рәсімделген және орындалмаған ұйғарым қайта қарауға жатады.  
Бұл ретте, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны, айыппұл төлеу қажеттілігі туралы ұйғарымды қайта қарау жаза қолдану туралы қаулыға, ұйғарымға қоса берілетін ұйғарымды шығару арқылы Кодекстің 740-бабына (өтінішхат) сәйкес жүргізіледі.
Заңның кері күшін қолдану туралы ұйғарымға адамдар ӘҚБтК 44-тарауында (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасау) көзделген тәртіпте шағымдана алатынын атап өту қажет.
Жаза қолдану туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттілігі туралы ұйғарым мәжбүрлеп орындауға жолданған жағдайда ұйғарымның көшірмесі де сот орындаушысына жолдауға жатады.
Әлеумет 19 ақпан 2018 г. 967 0