ҚАРТ – ҚАЗЫНА

«Үйіңде қартың болса, жазулы тұрған хатпен тең» деп қазақ бекер айтпаса керек. Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақтың даналық, ғибратты сөздері» атты облыстық байқауға қатысқан қарияларда айтылар әңгіме, шертілер шежіре жеткілікті екенін байқадық.
Әлеумет 27 қараша 2018 г. 4 268 0
ӘЛІПБИ  РЕФОРМАСЫ: ЕМЛЕ ЕРЕЖЕСІ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ДАЙЫН БОЛАДЫ

ӘЛІПБИ РЕФОРМАСЫ: ЕМЛЕ ЕРЕЖЕСІ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ДАЙЫН БОЛАДЫ

 Облыстық тілдерді оқыту орталығының 10 жылдық мерейтойы аясындағы шаралар  «Рухани жаңғыру – тілге тың тыныс» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциямен басталды. Облыс әкімінің кеңесшісі Айгүл Сағымбай тұрғындардың тілдерді үйрену үрдісіне тың әдістерімен үлес қосқан орталық жұмысын жоғары бағалады.
Әлеумет 06 қазан 2018 г. 6 097 0
ЖАСТАР ҚАНАТЫ  ЖАҢҒЫРУ КЕЗЕҢІНДЕ

ЖАСТАР ҚАНАТЫ ЖАҢҒЫРУ КЕЗЕҢІНДЕ

 Елімізде осыдан он сегіз жыл бұрын еріктілер ұйымы жұмысын бастады. Бүгінде ол – барша жастың басын қосқан ауқымды саяси ұйым.  Көшбасшы жас, креативті идея да осында. Иә, бүгінде «Жас Отан» Жастар қанаты сәтті бастамалар алаңына айналды. Биыл жастар қозғалысында елеулі өзгерістер орын алып, әсіресе, жаңа форматта өткен «Жас Отанның» IV съезіне қатысқандар саны артты. Дәл қазір жастар қанатында жаңғыру кезеңі. Бұл тақырып турасында «Жас Отан» Жастар қанаты хатшылығының басшысы Дәулет Кәрібекпен әңгімелесіп, сөз тарқаттық.
Әлеумет 06 қазан 2018 г. 5 242 0

50-ден АСТАМ АЛМАТЫЛЫҚ ОТБАСЫ ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ИЕ БОЛДЫ

Алматы қаласында сатып алу құқығымен жалға берілетін жаңа пәтерлер кілттерін тапсыру салтанатты рәсімі өтті. «Сатып алу құқығымен жалға берілген тұрғын үй» - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының әлеуметтік маңызы бар бағыттарының бірі. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ - 2014 жылдан бастап осы бағытты іске асырудың операторы болып табылады.
Әлеумет 13 шілде 2018 г. 6 486 0
АДАМИ КАПИТАЛДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

АДАМИ КАПИТАЛДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Ойлы халықтың арасында кең талқыланып, күн сайын өз маңыздылығын көрсетіп келе жатқан - адами капитал мәселесі. Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында осы капиталдың сапасын ұлғайтпаса болмайтыны туралы жиі сөз қозғалып жүр. Дей тұрғанмен бұл көпқырлы ұғым жөніндегі түсінігіміз қаншалықты дұрыс? Бәсекеге қабілеттілігі ең жоғары мемлекеттердегі адами капитал несімен артық?
Әлеумет 12 шілде 2018 г. 6 214 0

СЫР СПОРТЫНДАҒЫ СОНЫ СЕРПІНДЕР

Жан мен тәннің салауатты, сергек әрі ширақ болуы үшін спортты өміріңіздің мәніне айналдырғаныңыз жөн. Ауру-сырқау, шаршап-шалдығу сынды мәселелер өміріңізде жиілеп кетсе оның емі еңбек. Тарқатып айтқанда, дененің көп қозғалыста болғаны сан түрлі сырқаттан сізді құтқара алады. Ой еңбегінен бөлек, маңдай терді шығарып, бір мезет қолға күрек ұстағанның өзінде орасан пайда жатыр. Ал, тұрақты түрде спортпен шұғылданар болсаңыз нұр үстіне нұр. Белгілі бір спорт түрі адамды семіздік, стресс, қан аздық т.б толып жатқан аурулардан айықтырады. Бұл спорт мамандарының кеңесі.Жақында Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асылжан Жаманқұловпен тілдесудің сәті түсті. Ол бөлімнің 2018 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы түгелдей айтып берді. Қала халқының саны көп болғанына қарамастан қызылордалықтардың спортпен қамтылуы аудандардан әлдеқайда жоғары екен. Бұқаралық спорт облыс орталығында жүйелі жолға қойылған. Соның нәтижесі ме екен, бөлім басшысының айтуы бойынша, қалалықтардың спортқа деген көзқарастары ерекше. Сонымен қатар, спортты жанына серік еткен қызылордалықтар жеңіс тұғырына жиі шығып тұрады.
Әлеумет 12 шілде 2018 г. 5 372 0

АУЫЛДАСТАР АТҚАРҒАН АУҚЫМДЫ ІС

Қазалы ауданының Кәукей ауылында осыдан жеті жыл бұрын, яғни 2011 жылы әр жылдары мектеп бітірген түлектердің бастамасымен  мешіт үйінің іргетасы қаланған еді.  Имандылық үйінің құрылысына  1957-1977 жылдар аралығында өмірге келген ауыл азаматтары  атсалысып, байыпты бастаманың жүзеге асуына біркісідей жұмылды. Бүгінде Жанқожа баба атындағы  бұл мешіт ел игілігіне қызмет етіп келеді. Содан бері жыл сайын «Кәукей күні» шарасы аталып өтеді.
Әлеумет 10 шілде 2018 г. 5 230 0

ЖАСТАРДЫҢ ЖАРҚЫН ІСТЕРІ

Пайғамбар жасынан асқаннан кейін өткен өміріңді зерделей отырып,  бүгінгі  күндеріңді ой елегінен өткізіп, ауылдың тыныс- тіршілігіне көз жүгіртесің, жасалып жатқан игі істерге қуанып, бойың бір сергіп қалады. Әрине, біз жасымыз келгеннен кейін, кейінгі ұрпақ­тарымыздың дұрыс азамат болғанын тілейміз. «Жақсының жақ­сылығын айт, нұры тасысын» деген ғой. Жаңақұрылыс ауылдық әкімшілігі жанынан құрылған Жастар ұйымының жарқын істерін көпшілікке айтуды жөн көріп, қолыма қалам алдым. Жақсы істерді айтпас бұрын, жас буынға тәрбиелік мәні бар сөздерді айтып кетуді мақұл көрдім. 
Әлеумет 21 маусым 2018 г. 4 769 0

АУДАНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

Сыр өңірі құрылыс қарқыны бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр.  Облыс орталығын айтпағанда, барлық аудандарда жаңа нысандар бой көтеріп, ел игілігіне берілуде. Соның бірі – Сырдария ауданындағы серпінді істер.
Әлеумет 12 маусым 2018 г. 3 180 0

АРАЛ: СЕНІМ СЫЙЛАҒАН СЕРПІН

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Арал ауданына жасаған жұмыс сапарында бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылу салтанатына қатысып, кәсіпкерлікті дамыту бойынша көшпелі мәжіліс өткізді.
Әлеумет 10 маусым 2018 г. 2 730 0