Жаңалығы көп Жолдау болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған алғашқы Жолдауы әлеумет тарапынан қолдау тауып, қызу талқыланып жатыр. Жоғары оқу орнының құқық қорғау саласына қажетті кадрларды даярлайтын кафедраның меңгерушісі ретінде Жолдаудың азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі сот және құқық қорғау жүйесіне жүргізілетін реформалар жөнінде сөз еткім келеді.
Әлеумет 15 қыркүйек 2019 г. 2 919 0

Өнер мен кәсіпті тел меңгерген

Аудан орталығындағы Әйтеке би кентінде Гүлзия Омар басшылық жасайтын «Арай» сұлулық салоны шеберлерінің сапалы қызметіне ризашылық білдірмейтін тұтынушы кемде-кем. Кіммен тілдессеңіз де ағынан жарылып, алғысын жаудыра жөнеледі.
Әлеумет 12 қыркүйек 2019 г. 949 0

«Көлеңкеден» шығатын кез келді

«Nur Otan» партиясының облыс­тық филиалында бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және экономикаға тарту мәселесі қаралды. Басқосуда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев «көлеңкеден» шығатын кез жеткенін алға тартты. Олай деуге себеп бар. Басқарма басшысының айтуынша, жыл сайын облыста 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады, дегенмен тұрғындардың басым бөлігі жинақтаушы зейнетақы жүйесімен толық қамтылмаған. Бұл ресми емес еңбек қатынастарының  барын тағы бір айғақтап отыр.
Әлеумет 10 қыркүйек 2019 г. 3 294 0
Төскейде түлік түлеткен

Төскейде түлік түлеткен

 Біршама уақыт бұрын дала төсінен қырқаны жапқан келе-келе түйені кездестірген едік. Әрқайсысы кішігірім төбедей Ойсылқара тұқымы көзге айбатты да ерекше көрінеді. Келені бастап жүрген жардай  шым қара бура шаншыла қарағанда зәре-құтымыз қалмады. Тап беріп, тапап өтердей сезіндік.  Бекер үрейленген  екенбіз. Маң-маң  басып, шөпті шалған күйі ұзай берді. Жанымдағы  серігім түйенің иесі  Ықылас Алпысбаев есімді жеке кәсіпкер екенін, шаруа қожалығында төрт түлік түгел өсіретінін ризашылықпен жеткізді. 
Әлеумет 07 қыркүйек 2019 г. 1 210 0

Киелі жырдың ордасы

Қазақ өркениеті – Жер планетасындағы  адамзат ұрпақтарының  пайда бол­уынан бастап, мыңдаған жылдар белесінен өткен ұрпақтардың  материалдық және рухани мәдениет салалары бойынша жүзеге асырған  жетістіктерінен құралған өсу, өркендеу нәтижелерінің қазынасы. Ежелгі  дәуірлердегі сақ, ғұн, түркі өркениеттері бастаулары жалғаса дами келе,  талай мемлекеттік  құрылымдармен әлемге  әйгіленіп танылып, қазақ ұлтының  рухани  болмыс-бітімін, келбетін қалыптастырды.   
Әлеумет 28 тамыз 2019 г. 697 0

Бөзкөлдегі «Ауыл күні»

Қазалы ауданындағы Бөзкөл ауылында «Туған өлкем, қандай көркем» атты «Ауыл күніне» арналған салтанатты шара өтті. Мереке орталық саябақта ауыл өнерпаздарының театрландырылған көрінісімен басталды. Халық арасында «Бала ахун» атанып кеткен Тілеумұрат Қошанұлының ұлағатты өмір жолын сахналық көрініспен  сомдаған өнерпаздар көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.  
Әлеумет 22 тамыз 2019 г. 1 086 0

Жақсылық жасауға асығайық

Абылай хан атындағы № 140 қазақ орта мектебінде  республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында «Жақсылық жасауға асығайық» тақырыбында облыстық шара өтті. Акцияның мақсаты – мектеп жасындағы балаларды оқу, тәрбие ісінен шет қалдырмай, оларға материалдық көмек көрсету. Бұл жаңа оқу жылында әрбір баланың бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз.
Әлеумет 22 тамыз 2019 г. 927 0
Ауылым – алтын бесігім

Ауылым – алтын бесігім

Бал дәурен балалық зейнет жасына жеткенше рухани қуат берген туған жерім Тұрмағамбет ауылын өмірімнің бастау бұлағы, қасиетті атамекенім деп білемін.
Әлеумет 15 тамыз 2019 г. 2 728 0

Табиғат тамыршысы

Жанқожа батыр ауылына аяқ басқаннан жайқалған жасыл желекке тап болдық. Желмен тербелген талдардың жапырағынан күн сәулесі тілшелене көрінеді. Арықтардан сылдырай аққан су маңайға тіршілік жырын паш еткендей. Саябақ, мәдениет үйі, әкімдік ғимараты, мектеп, өзге де нысандар мен жекелеген үйлердің ауласы да жайқалып тұр.
Әлеумет 28 шілде 2019 г. 634 0
Қармақшы ауданы: Ел еңбегі еселі

Қармақшы ауданы: Ел еңбегі еселі

Кеше облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың аудандарға жұмыс сапары Қармақшы өңірінде жалғасты. Аймақ басшысының сапары өңір мұражайындағы мазмұнды экспонаттармен танысудан басталды. Мұнда 4 мыңнан астам жәдігер сақталған. Үлкен залда «Кіріспе», «Археология», «Этнография», «Табиғат», «Соғыс», «Өнер және мәдениет», «Спорт», кіші залда «Тәуелсіздік», «Рәміздер», «Қорқыт Ата», «Байқоңыр» атты бұрыштар орналасқан. Көне заманнан күні бүгінге дейінгі аудан тынысын сыйдырған мұражайда облыс басшысын ардагерлер, зиялы қауым өкілдері күтіп алды.
Әлеумет 27 шілде 2019 г. 654 0