Елбасы Н.Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды ұсынған болатын. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтің келісімі және аудан әкімінің бекітуімен ауданда жастар жылын атап өтудің кешенді жоспары бекітілді. Аталған жоспарда жастардың жан-жақты дамуы, олардың барлық категорияларына өмірге қажетті дағдыларға бейімдеу бағытында жұмыстар көрсетілген.
Әлеумет
27 мамыр 2019 г.
1 644
0
Кәсіпкер Шакизатхан Ысқақов төрағалық ететін «Еңбек Жер» ЖШС Жалағаш ауданының Еңбек ауылындағы ағайынның ойынан шығып-ақ тұр. Бұған дейін ол өз қаржысынан ауыл орталығына 200 орындық мейрамхана мен шағын маркет салып, 9 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтыған еді. Өткен тамыз айында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында екі ауыл зейнеткеріне «Сарыағаш» емдеу сауықтыру орталығына ем алуға жолдама және 17 оқушыға оқу құралдары мен мектеп формасы және спорттық киімдерін алып берген де осы серіктестік еді. Ал оқу жылын үздік аяқтаған бастауыш сыныптың 30 оқушысына бір-бір велосипед тарту еткенін кім естіпті бұл төңіректе?!
Әлеумет
27 мамыр 2019 г.
1 695
0
Елбасы тапсырмасына сәйкес 1 сәуірден бастап көпбалалы аз қамтылған отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің механизмі өзгерді. Облыс бойынша жаңартылған форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алуға 33751 отбасы өтініш берді. Олардың 12980-нен өтініш қабылданып, қалғанына кеңес берілді.
Әлеумет
23 мамыр 2019 г.
1 352
0
Қазақстан Республикасында әлеуметтік тәуекелдердің туындауына байланысты жоғалтқан табысының бiр бөлiгiн өтеу үшiн халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізіліп, жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшыларға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар табыстарынан әлеуметтік аударымдарды төлеуде.
Әлеумет
22 мамыр 2019 г.
1 271
0
Биыл 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлау науқаны өткізілетіндігі бәрімізге белгілі. Құрамында 400-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азаматы бар Арал ауданының Сексеуіл кентіндегі мүгедектер қоғамы науқанды толығынан қолдаймыз және дауыс беруге қатысамыз.
Әлеумет
30 сәуір 2019 г.
1 480
0
Қаладан 50 шақырымдай жердегі Шіркейліде көп ауылда жоқ көлік жөндеу орны мен желімдеу орталығы бар. Тоғыз жолдың торабында орналасқан ауылдың тұрғыны Жұмабек Көпбергенов осыдан бірнеше жыл бұрын қайтарымсыз қаражат көмегімен ашқан орталық бұл күнде талай жанға көмегін тигізіп тұр.
Әлеумет
16 сәуір 2019 г.
1 423
0
Адалдық, ашықтық, жауапкершілік, есеп берушілік - тек сөздер ғана емес. Бұл сыбайлас жемқорлықтан азат қоғамның басты құндылықтары. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
Әлеумет
05 сәуір 2019 г.
1 530
0
Шіркін, бұрынғының адамдары-ай! Олар бөлек еді ғой! Жас кезімізде үлкен кісілердің аузынан осындай сөздерді жиі еститінбіз. Енді олардың жасына жақындаған сайын әңгіме айтқаныңда сол сөздерді өзің де қосқың келіп тұратынын байқайды екенсің. Ол нені білдіреді? Мүмкін жастық шағыңда көрген кеудесі алтын сандық қарияларға деген сағыныштан болар. Өйткені, олардың басым көпшілігі өз дәуірінде заманның таршылығын, қуғын-сүргінді, ашаршылықты, соғыстың тауқыметін көрсе де адами қасиеттерін жоғалтпай өткен жандар еді...
Әлеумет
05 сәуір 2019 г.
723
0
Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «кедергісіз орта» қалыптастыруға зор мән берілуге тиіс» деген міндетін біздің алдымызға қойылғаны баршаға мәлім.
Әлеумет
27 наурыз 2019 г.
1 670
0
Ертеде бір елдің әділ ханы болыпты. Оның жарлығы бойынша қол астындағы елдің ою-өрнек, кесте, тоқыма, тігін сынды өнерлерді меңгергені сонша, барлық пайдаланатын тұрмыс заттары ою-өрнекпен көмкерілген екен. Ал, бұл ел-жұрттың өзі бір-бірімен ою тілінде сөйлесе алған. Сол себепті бұл елдің басқарушысы Ою хан атанып кеткен.
Әлеумет
26 наурыз 2019 г.
1 578
0