Қолдаудан халық қағажу қалмайды

Қолдаудан халық қағажу қалмайды

Сырдариялық Мереке Нұрғалидың мамандығы – медбике. Қазіргідей қиын кезде жұмыссыз қалған оған Үкімет қарасып, әлеуметтік төлемге қол жеткізді. Қызылорда қаласының тұрғыны, бала күтімімен үйде отырған Назгүл Едіге де ең төменгі жалақы мөлшеріндегі мемлекет қолдауы үшін дән риза. Кейіпкерлеріміз ақшаны азық-түлік сияқты тұрмыстық қажеттілікке жұмсап, отбасының пайдасына жаратты.
Әлеумет 16 сәуір 2020 г. 532 0
Мал-жаныңыз аман ба?

Мал-жаныңыз аман ба?

Бұл – көптен кездеспеген кісілердің амандықтан кейін бір-біріне қоятын алғашқы сұрағы. Өйткені тіршілік мал-жанның амандығына байланысты. Адамның ауру-сырқаудан сақтану жолында ветеринария саласының алар орны ерекше және мамандар еңбегі ұшан-теңіз десек болады. «Медицина – адамды, ветеринария – бүкіл адамзатты емдейді» деген қағиданы басты назарда ұстағандықтан, осы сала жұмысына үнемі қайта айналып соғып тұратынымыз бар.
Әлеумет 12 сәуір 2020 г. 1 198 0

Диқандарды демеудің жаңа деңгейі

Бүгінгі әлемді қауіпті кесел қатты алаңдатып тұр. Елімізде төтенше жағдай енгізіліп, карантиндік шаралар барынша күшейтілуде. Барлық назар, күш осы проблемаға бағытталған. Солай бола тұрса да, назардан тыс қалдыруға болмайтын салалар бар. Соның бірі – егін шаруашылығы. Көктемгі егістікті өз мерзімінде атқарып шығудың маңызы өте зор. Өйткені, көктемнің әр күні – жылға азық. 
Әлеумет 06 сәуір 2020 г. 532 0

Үш күнде - 1,2 млн өтініш

Соңғы үш күнде 42500 теңгені алу үшін 1,2 млн өтініш түсті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мемлекеттік сақтандыру қоры­нан төленетін 42 500 теңге – ресми және бейресми жұмыс істеп жүрген, бірақ төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған адамдар үшін қарастырылған төлем екенін айтты. 
Әлеумет 06 сәуір 2020 г. 315 0

Қиындықты көп болып еңсереміз

Коронавирус індеті жұмыр жерді алаңдатып отырған қазіргідей кезде адамзат үшін денсаулық басты тақырыпқа айналды. Өкінішке қарай, аты жаман кесел елімізді де айналып өткен жоқ. Десе де, Мемлекет басшысынан  бастап аймақ, аудан әкімдері, тұтас жұрт індетке қарсы күрес шараларын қарқынды қолға алуда.
Әлеумет 04 сәуір 2020 г. 501 0

Күн шалмас көңілге сөз сәуле төгеді

Дәл бүгінгі таңда күллі әлем жұртшылығының алдында бір-ақ мақсат тұр, ол – дүниені жайлаған індетті жеңу.Осы сындарлы шақта Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елге арнап үндеу жолдады. Үн­деуде қоғамдық тәртіптің қатаң бақылауға алынатыны, көпшілік іс-шараларының тоқтатылатыны айтылды. Еліміздің аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылды. Бұл – әрине, халықтың амандығы, әрбір адамның денсаулығы үшін жасалып отырған шара.
Әлеумет 04 сәуір 2020 г. 329 0
Жаһанда жаңа дәуір басталады

Жаһанда жаңа дәуір басталады

Әңгімені ашық сөзден бастасақ, қазіргі заманда адамдардың пейілі тарылып, дүниеяуилық, пендауилықтың кең таралған тұсына тап келдік. Халық руханияттың төмендеу сатысына аяқ салып тұр. Жеккөрушілік сезімі, жаман ойлау, жаман сөз айту, шүкірліктен шығу, сабырлықтан сая таппау адамзат әлемі мен Жаратушы арасындағы ақпараттық кеңістікті ластады. Құдіреті күші Иенің осы кеңістікті тазалау үшін жер бетіне бүгінгідей сынақ жіберіп отыратынын тарихтан танып білуге болады. Міне, көзге көрінбейтін бір зат бүкіл әлемді тітір етіп жіберді. Соған сай барша халық Құдайдан қол жайып жарылқау тілеуде, болашақтан үміт, жақсылық күтуде. Сол пиғыл, сол ниет адам мен Жаратушы арасындағы ластанған ақпараттық аспанды тазалап жатыр. Екі арадағы өлшем шарықтау шегіне жеткенде жерге жіберілген сынақтың да беті қайта бастайды. Мұны біз коронавирус дерті ең көп таралған Италиядағы ауру көрсеткішінің төмендей түскен деңгейінен көріп отырмыз.
Әлеумет 03 сәуір 2020 г. 1 350 0
Жұмыссыз қалғандарға берілетін төлемдер үшін 200 млрд теңге бөлінді

Жұмыссыз қалғандарға берілетін төлемдер үшін 200 млрд теңге бөлінді

Жұмысынан айырылып қалғандарға берілетін әлеуметтік төлемдер үшін 200 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеумет 28 наурыз 2020 г. 762 0
Құм даланы құлпыртқан

Құм даланы құлпыртқан

Арал теңізі маңындағы ауылдарға барып көргендер біледі. Мұндағы жердің көп бөлігі сусыма құм, сортаң топырақ. Аптап ыстығы мен аңызақ желі тағы бар. Сондықтан бұл аумаққа жайқалып тал өсіп, қызыл-жасыл гүл ашыпты дегенге сену қиын. Бірақ құм даланы да құлпыртуға болады екен. Мұны Көкарал бөгеті салынғанда бой көтерген арнайы қалашыққа барғанда байқадық.
Әлеумет 14 наурыз 2020 г. 1 368 0
Айдарлыға аяқсу жетеді

Айдарлыға аяқсу жетеді

Ел президенті қасым-жомарт тоқаевтың «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы сырдария ауданында өз нәтижесін бере бастады. Тұрғындар тарапынан көтеріліп, жергілікті атқарушы билікке айтылған ұсыныс-пікірлерді орындау ауданда жүйелі жолға қойылған. бұл көп мәселенің оңтайлы шешілуіне тікелей әсер етуде.
Әлеумет 14 наурыз 2020 г. 823 0