Жұмысынан айырылып қалғандарға берілетін әлеуметтік төлемдер үшін 200 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Коронавируспен күресу барысында бір адамнан айырылып қалдық. Оның өлімі бәріміз үшін сабақ болсын», - дейді Дәурен Абаев. Сондай-ақ, ол осы жағдайға байланысты жұмысынан айырылып қалғандар үшін қанша қаржы бөлінгенін айтты. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айрылғандарға ай сайынғы ең төменгі жалақы мөлшеріндегі төлемдер үшін шамамен 200 миллиард теңге бөлінеді», - дейді ол.