ҚАРТ – ҚАЗЫНА

«Үйіңде қартың болса, жазулы тұрған хатпен тең» деп қазақ бекер айтпаса керек. Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақтың даналық, ғибратты сөздері» атты облыстық байқауға қатысқан қарияларда айтылар әңгіме, шертілер шежіре жеткілікті екенін байқадық.
«Сыр елі – жыр елі» атанған өлке­мізге қатысты бұл теңеуге мен «Сырдың елі – сұлу да сара сөздің селі, өнердің кені» дегенді қосар едім. Сөз – тәрбие, та­ғылым. Олай болса, бүгінгі шараның жас­тарға берер тәлім-тәрбиесі мол», – деді байқаудың ашылуында облыстық ар­дагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүй­сенбаев.
Ардагерлердің барлығы да ел аузын­дағы тәлім-тәрбиесі мол әңгімелерді, даналық сөздерді, би-батырлардың өсиет сөздерін шұрайын келтіре айтып, кө­рерменге рухани демалыс сыйлады. Айта кетелік, көрермендердің дені жастар екендігін ескерсек, бұл шараның кейінгі буын үшін тағылымды болғаны рас. Байқау қорытындысымен І орынды жаңақорғандық ардагер И.Нәрзілдаев жеңіп алса, ІІ орынды Арал ауданынан келген Ж.Нұрғабылов иеленді. ІІІ орын шиелілік Ұ.Жәнібекова мен Қызылорда қаласынан қатысқан М.Бәйімбетовке бұйырды.

Гүлмира Ділдабекова,
"Сыр бойы".
Әлеумет 27 қараша 2018 г. 4 298 0