Жыр болып оралды ақын...

Жыр болып оралды ақын...

Республикаға белгілі айтыскер ақын, жыршы-термеші, бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты, марқұм Серік Өтеуовтің «Томағалы тұйғын» атты жыр жинағы жуырда баспадан жарыққа шығып, көпшіліктің қолына тиді. Оның ақ нөпір жырын аңсаған, сағынған жұртшылық сырлы өлең жолдарын қайта-қайта оқып, айтыстың ақтаңгер ақынымен қайта табысқандай әсерде болды. Аталған жыр кітапқа айтыскер ақынның арнаулары мен толғаулары, лирикалық өлеңдері мен айтыстары топтастырылған.
ӘДЕБИЕТ 26 қараша 2016 г. 1 088 0

ЕСЕМІЗ КЕТКЕН ЕЛ ЕДІК

«Тәңірім, жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдық табалдырығынан аттап отырған біздерді қай-қайдағы әулекіліктерге ұрындырмай, етек жиып, ес түгендеп алуымызға мұрша бергей...» Әбіш КЕКІЛБАЕВ. І. Ей, жаңа ғасыр! Тыңда бізді. Осынау айдай әлем – төрткүл дүниеде Қазақ деген халық бар, «қайықтай толқын ұрған жағадағы». Осылай деп айтқан бұрынғылар. «Тарихы қалың, оқулығы жұқа» деп жырлаған кемеңгер ақыны. Жалғаны жоқ – бәрі рас. Есте жоқ ерте кезде «қилы-қилы заман болған, қарағай басын шортан шалған». Сол аласапыран алмағайып кезеңдерден Қазақ деген халық амалдап бүгінгі күніне жеткен, бірақ не көрмеген?! Тағдырдың талқысына талай түскен. Демограф ғалымдардың анықтауында бұл халық өзінің ата жұртынан басқа әлемнің 40 мемлекетіне бытырап кетіпті. Батыстан шығысқа, шығыстан батысқа, оңтүстіктен солтүстікке, солтүстіктен оңтүстікке қарай жөңкіліп босыпты. Бас амандау, жан сауғалаумен қияметтің небір қыл көпірінен өтіпті. Иә, иә, қадым замандарда ғұмыр кешкен даналар мен бергі дәуірдегі көзіқарақтылардың хаттап кеткен деректерінде дәйектелгеніндей, басы қайда қалмаған бұл халықтың...
ӘДЕБИЕТ 05 қараша 2016 г. 1 067 0
Әбіш Кекілбайұлының поэзиясы

Әбіш Кекілбайұлының поэзиясы

Қазақ әдебиетінің тарихында қазақ поэзиясының  ерекше дәуірлеген кезеңі өткен ғасырдың 60 жылдарына тура келеді. Бұл жағдайдың басты себебі 1956 жылғы СОКП-ның ХХ съезінде жасаған Н.С.Хрущевтің баяндамасынан кейін «жылымық» аталған жылдардағы КСРО құрамындағы ұлттар мен ұлыстардың әдебиеті мен өнеріне шығармашылық еркіндік берілуі еді. Басқа да ұлттардың әдебиеті мен өнеріндегі сияқты қазақ әдебиеті мен өнерінде де ерекше өрлеу, даму үрдістері болды. Заман, қоғам шындықтарын тереңнен толғап, ашып суреттеген кемел тарихи романдардың, сондай-ақ, күрделі күрмеуге, шытырман шиеленіске толы драмалардың алғашқы легінің жарияланып, қоғамда үлкен дүмпу туғызған уақыттары осы кезеңге тура келді.
ӘДЕБИЕТ 22 қазан 2016 г. 2 316 0
Ақтөбеден жыр-шашу ала келді

Ақтөбеден жыр-шашу ала келді

Ақтөбе облысының Қызылордадағы күндері аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын, облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлының поэзия кеші өтті. 
ӘДЕБИЕТ 18 қазан 2016 г. 1 267 0

ТҮРКІТАНУҒА АРНАЛҒАН ТОЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

Белгілі ғалым Тоқболат Еңсегенұлының әлемге әйгілі ғұлама В.В.Бартольдтың шығармашылық жолы, ғылымдағы орны, азаматтық келбеті жайлы жазған «Түркі дүниесін зерттеп даңқы шықты» атты еңбегі жарыққа шықты.
ӘДЕБИЕТ 13 желтоксан 2014 г. 1 900 0

«Өткен әзиз әулиелер»

Қаламгер Шайдарбекқажы Әшімұлы құрастырып, жинақтаған «Өткенәзиз әулиелер» атты кітабыоқырманға жол тартты. КітапҚызылорда қаласында «Полиграфия баспаүйі» баспаханасында басылыпшықты.
ӘДЕБИЕТ 09 желтоксан 2014 г. 1 910 0

КӨШБАСШЫ

Үлгі-өнеге ұлтына ұлағаты, Бәрі бауыр, Жоқ жанның сірә, жаты. Алты құрлық, төрт мұхит ар жағына Алашымды әйгілеп тұрады аты.
ӘДЕБИЕТ 29 қараша 2014 г. 1 560 0

ҚАЙСАР ҚАЛАМГЕРДЕН ҚАЛҒАН АМАНАТ

Жалағаштық қарымды қаламгер Тұрсынбай Тәшен мәңгілік сапарға мезгілсіз кетпегенде биылғы жылы жетпіс бес жасқа толар еді. Ол өзінің саналы ғұмырының 40 жылын аудан айнасы – кезіндегі "Жаңадария” газетінің ("Жалағаш жаршысы”) өсіп, өркен жаюына арнады. Еңбек жолын қатардағы әдеби қызметкер болудан бастандырған ол бертін келе бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, редактор қызметін абыроймен атқарды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де Тұрсынбай Тәшеннің қолынан қаламы түскен жоқ. Өкініштісі сол, аяқасты айықпас науқасқа шалдығып, бір аяғы мен бір қолы жұмыс істемей де қалған. Тарих беттерінде сарғайған жазбаларды бүгінгі және келер ұрпақтарға ұлағат етуді мұрат тұтқан Тұрсекеңнің қайсарлығы сол, жата-жастана жатып жазумен болды. Содан да оның "Біз елу жетінің түлектеріміз”, "Жалағаштың жаршысы” атты кітаптары оқырмандар олжасына айналды. Сондай-ақ, Камал Бердәулетовтің "Бұқарбай батыр”, Жайық Есіркепұлының "Өмір өткелдері”, "Сәрке батыр” еңбектеріне редакторлық етуі де тектен-тек болмаса керек.
ӘДЕБИЕТ 13 қараша 2014 г. 1 775 0

ОРМАН – ОЙДЫҢ ОЛЖАСЫ

Орынбасар Әлжіктің аты қазақ әдебиеті сатирасындағы қадау-қадау есімдердің қатарына тұрып алғалы қаш-шан. А.Тоқмағамбетов, О.Әубәкіров, У.Уайдин, К.Әмірбек, Т.Әлімбек, О.Әлжік... Базардан сатып алып сыйлық сыйлауды бәріміз де білеміз. Ал, тамам жұртқа күлкі сыйлап көрдіңіз бе? Күлкі – қан тамырлары, жүйке жүйесі, бас, ас қорыту, буын ауруларының емі. Мұны зерттеушілер айтады. Жақсы жазушы бізге осыншама баға жетпес байлық сыйлап жүр екен ғой.
ӘДЕБИЕТ 14 қазан 2014 г. 2 202 0

ЕЛ ҚОРҒАҒАН ЕР ЖАЙЛЫ ТЫҢ ТУЫНДЫ

Жанқожа бабаның 240 жылдық тойы қарсаңында шығармашылық топ мүше­лерінің жұмыстары жайлы айта кетуді жөн көріп отырмыз. Бүгінде Жанқожа ба­ба туралы «Наркескен» трилогиясы Ал­ма­тыда баспадан шығарылып, оқыр­ман­дарына жол тартқалы әзір тұр. Трилогия авторы, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы мен Авторлар қоғамының мүшесі, тарихшы, жазушы, аудармашы Әбдісаттар Оспанов 1941 жылы Арал ауданы, Ұялы ауылында дүниеге келген. Қазақ ССР Тарихи және мәдени ескерткіштер қорғау қоғамы Орталық кеңесінде аға нұсқаушы, қоғамның Қызылорда облыстық кеңесі төрағасының орынбасары, «Қайнар» бас­па­сында аға редактор, республикалық кі­тап мұражайының, «Маржан», «Қоғам және қылмыс» ЖШС директоры болған.
ӘДЕБИЕТ 11 қазан 2014 г. 2 364 0