КӨШБАСШЫ

Үлгі-өнеге ұлтына ұлағаты,

Бәрі бауыр,

Жоқ жанның сірә, жаты.

Алты құрлық, төрт мұхит ар жағына

Алашымды әйгілеп тұрады аты.

Көзден, тілден сақтай гөр Елбасымды!!!

Самұрықтай бір аттап сан ғасырды,

Астана сап Арқаға, тұңғыш рет

Абылайдың арманын алға асырды.

Туын тікті Азаттық тұңғыш рет,

Кеудесіне ұя сап Күн кішірек.

Симпозиумда,

Саммитте салиқалы,

Күллі әлемге ұсынған үлгісі көп.

Асқақтатқан Ақ ордам көкке айдарын,

Төле бидей төрінде төкті ойларын.

Тұңғыш рет БҰҰ-да желбіретті,

Қазағымның әнекей, көк байрағын!

Жаратылған Тәуелсіз бағына елдің,

Осынау кез шаңқай түс шағы дермін.

Қай құрлыққа ұшса да жүреді ойлап,

Хан Едіге сияқты қамын елдің.

Қызғыш құстай қорыған аспан, жерін,

Қайда барса жанында жас пен кәрім.

Төбесіне көтеріп Көшбасшымды,

Төрткүл әлем түп-түгел тосқан төрін.

Жастайынан ұя сап жанына арман,

Артына ерген қазағы-қалың орман.

Ер Есімнен еншілеп елдік істі,

Хан Тәукеден тайсалмас тәлім алған.

Қайраткерлік қарымы қабыландай,

Сирек туған перзентті Тәңір ондай.

Өркениет көшіне оза шауып

Жалпақ жұртын бастайды жаны қалмай.

Бірлігінен қуат ап Бүгінгі Елдің,

Тыныштығын ойлайды Жұмыр Жердің.

«Қой үстіне бозторғай ұя салған»,

Қолымызға қонып тұр шынында ол күн.

Арманының ал-ысқа көші кеткен,

Ақыл-ойын халқына несібе еткен.

Мұратына мына елді жеткізеді Ол,

Ақ кемедей мұхитты кесіп өткен...

Толыбай АБЫЛАЕВ.


ӘДЕБИЕТ 29 қараша 2014 г. 1 589 0